Сән-салтанат салығын төлеуі тиіс 720 адам анықталды

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығы қандай мүлікке салынатындығын айтты.

Меншігінде қымбат үйі бар азаматтардың басым бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада тұрады, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына сәйкес, «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Ол қымбат жылжымайтын мүлік объектілерін, көлік құралдарын сатып алу кезінде алынады және орта тапқа әсер етпейді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл мәселе әлемдік тәжірибені ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі жанындағы салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде қарастырылатын болады.

«Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша осы салықты есептеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ айқындайтын құнға байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленген. Сол сияқты, көлік құралдары салығы бойынша қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленген. Мәселен, 2021 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығының сомасы 3,8 млн салық төлеушіден 15,3 млрд теңгені құрады.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ұсынған бағалау құнына сәйкес салық төлеушілердің негізгі саны — 3,0 млн адам немесе 78,4% құны 4 млн теңгеге дейінгі мүліктің иелері болып табылады.

Сонымен бірге бағалау құны жоғары салық салу объектілері бар. Мәселен, құны 100 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелерінің саны 720 адамды құрады, оларға жалпы алғанда 610 млн теңге мүлік салығы есептелді. Мұндай меншік иелерінің негізгі бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада – 649 адам немесе 90,1% тұрады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сән-салтанат салығы Қазақстанда қашан енгізілетіні туралы айтқан болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago