2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енеді.
Бұл сұраққа премьер-министрдің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне сән-салтанат салығы енгізіледі. Нұсқаулық әзірленіп жатыр. Оны 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтап, содан кейін Мәжіліске ұсынамыз. Заң 2023 жылы қабылданып, 2024 жылдың басынан бастап күшіне енеді,
деді ол Мәжіліс отырысында.
Еске сала кетейік, 1 қыркүйек күні Президент халыққа Жолдау жариялады. Тоқаев салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» енгізуді тапсырды. Сондай-ақ мұның орта тапқа қатысы жоқ екендігін баса айтты.