Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > СҚО-да кей мектепте спортзал мен асхана жоқ
Қоғам

СҚО-да кей мектепте спортзал мен асхана жоқ

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 09.08.2023
Обновлено 09.08.2023 в 05:08
Поделиться
Поделиться

Солтүстік Қазақстандағы 20-дан астам мектепте спорт зал жоқ. Тағы бірқатар білім ордаларында асхана жұмыс істемейді. Ауылдық жердегі мектептерді былай қойғанда, облыс орталығының өзінде осындай жағдай тіркелген.

Бүгіндері Петропавлдағы 4 оқу орнында асхана жоқ, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылына дайындық бойынша 10-24 шілде аралығында өңірдің жалпы білім беретін мектептеріне кезекті мониторинг жүргізді. Тексеріс барысында оқу ордаларындағы интернет желісінің жылдамдығына, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының өткізілуіне, қауіпсіздік шараларына баса назар аударылды. Әсіресе, бейнебақылау жүйесінің, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесінің болуы қадағаланды. Сондай-ақ, мектептер жылы санитарлық тораптар, спорт зал, асхана, пәндік кабинеттер (химия, физика, биология) қамтылуы тиіс.

Облыста барлық мектептер бейнебақылаумен жабдықталған. Дегенмен білім ордаларының 15 пайызында ақпаратты сақтау жүйесін жетілдіру қажет. Өңірдегі барлық мектептерде жылы санитарлық тораптар орнатылды. Ал Жамбыл Тайынша, Айыртау, Есіл аудандары мен Петропавл қаласының кейбір оқу орындарында бұл шаруа аяқталуға жақын. Оларда қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде,

деді СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алёна Мальгаева.

Бүгіндері облыстағы 5 орта және 17 негізгі мектепте спорт зал жоқ. Алдағы оқу жылында бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соған қарамастан, Петропавл қаласының 4 толық жинақталған мектебінде және аудандардың бірқатар бастауыш мектептерінде асхана жоқ.

Мониторинг барысында мектептердің 33%-ында ашылған күннен бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегені анықталды. Ал 128 оқу орнында жылу жүйесін жөндеу қажет. Өңір мектептерін интернетпен 100% қамтамасыз еткеніне қарамастан, 95 нысанда интернеттің жылдамдығы іс жүзінде 4 мбит/сек құрайды. 4-тен 10 мбит/сек дейінгі жылдамдықта 35% (156) мектеп бар және тек 40% – ы 10 Мбит/сек жылдамдықпен жұмыс істейді,

деп баяндады спикер.

Облыстағы бірқатар мектептерде жөндеу жұмыстары тым ұзаққа созылып кеткен. Петропавл қаласындағы №31 орта мектеп пен Ғ. Мүсірепов ауданының Ломоносов орта мектебінде шаруа белгіленген мерзімнен кешіктірілуде. Ал Тайынша ауданының Донецк орта мектебі және Айыртау ауданының Новосветлов орта мектебіндегі жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

ТЕГи: Қазақстан
Арман Ерғалиев 09.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?