Categories: Саясат

Сұрапыл 90-шы жылдар: сағынышпен еске аласыз ба?

Жақында қазақстандық БАҚ Алматыда кәсіпкердің рэкетирмен қақтығысы туралы көп жазды. Құқық қорғау органдары мұны жоққа шығарып, рэкеттің бұған еш қатысы жоқ демейінше жазып келді. Біреулерге сол жылдардың сұрапыл романтикасы жетпей жүргендей ме, қалай? Олай болса, аңсарларыңызды басу үшін бүгін сол уақыттың басты атрибуттарының бірі — алқызыл пиджакты еске аламыз.


Жылдар өте келе бұл алқызыл ғажайыптың неге соншалықты танымал болғандығы туралы бірнеше нұсқа айтылды. Солардың біріне сенсек, шекара ашылып, бұрынғы кеңестік адамдар шетелге шыға бастағаннан кейін, әсіре пысықтар Парижде әйгілі Versace француз сән үйінің көрсетіліміне тап болады. Дәл сол жерде алғаш рет қара шалбармен үйлескен алқызыл пиджактар ұсынылды. Бұл 1992 жылы болған және әдемілікке тамсанған табысты қылмыстық бизнес өкілдері ТМД аумағына осы трендті әкелген деген пікір бар.

«Не? Қайда? Қашан?» телевизиялық клубының білгірлері де алғашқылардың бірі болып алқызыл пиджактар киді. Бұл ойын сол кездері де, қазір де Қазақстанда көрсетіледі. Әрі мұндай пиджактарды клубтың элиталары, өздерін «өлмейтіндер» деп атайтын үздік ойыншылар киген. Бәлкім, дәл осы атақ «адуындардың» көңілінен шыққан болар, кім білсін. Немесе асау жігіттердің бірі осы интеллектуалды бағдарламаның үлкен жанкүйері болған ба екен? Әрине, бұған сену қиын, бірақ үшінші нұсқаға қарағанда көбірек шынайы.

Ал үшінші нұсқа бойынша, алқызыл пиджакқа сәнді сол кездегі ең үлкен қаржы пирамидасының негізін қалаушы Сергей Мавроди енгізген деп болжайды. Ол алқызыл пиджак киіп алып, теледидардан салымшыларын 1994 жылмен құттықтады. Алайда Мавроди сән енгізетіндей тұлға деуге келмейді, ол кездері Қазақстанда өз дендилеріміз болған. Келісеміз, «MMM» филиалдары республика бойынша кең етек жайды, азаматтарымыз осы ауқымды алаяқтық салдарынан жинақтарынан айырылды, дегенмен Versace нұсқасы әлдеқайда тартымды көрінеді.

Өзіміздің қазақстандық дендилерімізге келетін болсақ, жақында саяси мәнсабын қайта жаңдандырған Болат Әбілов те отандастарын сән әлемімен таныстырғандардың тұңғышы болды. Дәл осы Бутя Алматыға нағыз Adidas-ты әкеліп, 1993 жылдың қыркүйегінде қалада әйгілі спорттық киім өндірушісінің алғашқы ресми дүкенін ашты.

Нағыз кроссовкалар мен Adidas костюмдерін Сейфуллиндегі дүкеннен сол кездері долларға, рубльге, ал көп ұзамай теңгеге сатып алуға болатын. Бірақ бұл киімдерді сатып алуға көбінің қалтасы көтере бермейтін. Алқызыл пиджакқа келер болсақ, әсіре батылдар мен асаулар оны осы спорттық костюммен толықтыратын. Алайда «Бутянікін» емес, қол жетімдісін алатын. Еңбекқор алып-сатарларымыздың арқасында бұл костюмдер, алқызыл пиджактар сияқты алматылық барахолкаға Түркия мен Қытайдан жеткізіліп отырды.

Алқызыл пиджактар сәнге айналып, ер адамдар арасында жоғары сұранысқа ие болғанымен, аз уақыт ішінде «өмір қожасы» атрибутынан топас адамды бейнелейтін символға айналды. Ал кейін тіпті әзілдер мен фотосуреттерде естелік болып қалды. Айтпақшы, көрші мемлекет президентінің де алқызыл пиджакпен түскен суреті бар. Көз жеткіңіз келсе гуглдан іздеп көріңіз. «Алқызыл тарих» артта қалды, ал бұрынғы «баскесерлер» мен «мәселе шешкіш бауырлар» жан-жаққа тарады. Біреулері мәңгілік мекенге аттанып кете барса, басқалары істерін заңдастырды, дәлірек айтсақ, қайта маманданып, қазір құрметті кәсіпкер немесе тіпті табысты шенеунікке айналды. Бұл адамдар бұрынғы қылмыстық тарихынан тазарып, енді киімнен байсалды әрі ұстамды классиканы таңдайды. Алайда көбісінің қымбат «қазандарға» деген құмарлығы қалды. Алайда, бұл мүлдем басқа оқиға…

GN

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

15 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

16 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago