Иран билігі Азат Еуропа және Азаттық Радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флайға санция салды. Бұл туралы Азаттық хабарлады.
Осы күнге дейін Тегеран 40 адам мен компанияға санкция енгізген. Оған ұшырағандар енді Иранға кіре алмайды және ондағы активтері тәркіленеді.
Иранда 2022 жылғы қыркүйектен бері наразылық акциясы әлі күнге дейін жалғасып келеді. Билік оған батыс елдерін айыптап отыр.
Еске салайық, Ресей сыртқы істер министрлігі Джейми Флайды санкция тізіміне қосқан.