Танымал музыкант Әділ Жалелов (лақап аты — Скриптонит) Украинадағы «Маша қоры» ұйымына 20 мың доллар бөлді.
Қор басшылығының мәліметінше, аударылған қаражаттың барлығы №9 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, Киев облыстық перинаталдық орталығы және Херсон қалалық балалар мен ересектерге арналған клиникалық ауруханасына дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ, ұйым жетекшілері әртістің көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, Скриптонит 30 шілдеде өткен Алматыдағы концертін қаңтар оқиғалары мен Украинадағы әскери қимылдар кезінде құрбан болған жандарға үнсіздік жариялаумен бастаған еді.