Оқиға

«Саған ұнады ма?»: 4 ер адам зорлаған 18 жастағы қызды тергеуші мазақ қылған

Алматыда 4 ер адам 18 жастағы қызды зорлаған. Бұл туралы қоғам белсендісі, «Немолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады.

Полиция бұл дерекке қатысты жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дина Таңсәрінің сөзінше, қыз 17 қарашаға қараған түні әпкесі мен оның досымен дүкенге шыққан. Кері қайтар жолда әпкесінің досының жағдайы нашарлап, жолай көлік тоқтап, оларды жеткізіп тастауды ұсынған. Артынша әпкесі мен досы көліктен шығып кеткен кезде жүргізуші олар бірнәрсе тастап кеткенін айтып, қыз бала қайтадан келген. Жүргізуші қызды итеріп, көлікке салып, алып кеткен.

Қыздың анасы 2-3 күн бойы сараптама жасаған. Оның сөзінше, тергеуші мазақ қылғандай:

Енді дүкенге барасың ба? Саған ұнады ма?

деп сұраған.

Бүгінде зорлық көрген қыз психологиялық көмек алып, адвокатпен жұмыс істеп жатыр.

Алматы қаласының Полиция департаменті өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді. Қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек:

Бұл дерек бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бір күдіктінің жеке басы анықталды. Одан бөлек, тергеу шаралары қабылданып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,

дейді.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago