Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Сақтық керек. Қазақстанда ресейліктер өріп жүр
Қоғам

Сақтық керек. Қазақстанда ресейліктер өріп жүр

Айдын Қайнарұлы
Айдын Қайнарұлы 22.08.2022
Обновлено 22.08.2022 в 11:08
Поделиться
Поделиться

Далаға шықсаңыз, ресейліктердің қаптап кеткенін аңғару қиын емес. «Магнумде», көшеде, саябақта, базарда, сауда орындарында, барлық жерде өріп жүр. Солардың сөзімен айтқанда «панаехали».  

Бұлардың жаппай келуі, түрлі мәселені ушықтырады деп ойлаймын. Ресейдің мәліметінше сәуір-маусым арасындағы үш айда Қазақстанға 570 мың ресейлік кірген. Олардың қаншасы қалды, қаншасы кеткені белгісіз. 570 мың дегеніміз кей облыс халқынан көп. Мысалы жаңадан құрылған Ұлытау облысының халқының саны 300 мыңға да жетпейді, деп жазады желіде Асхат Қасенғали.

  1. Бұлардың қаптап келуі, жұмыссыздықты өршітеді. Ресми елімізде 450 мың адам жұмыссыз. Бейресми әрине, одан да көп. Ал енді еңбек нарығына мыңдаған ресейлік келіп, бәсекелестікті арттырды. Тағы біраз отандасымыз жұмыссыз қалуы мүмкін.
  2. Пәтер ақысын қымбаттатып жатыр. Бұлар келіп жаппай пәтер мен қонақ үйлерді жалға алуда. Сұраныс бар сәтте әрине, баға өседі. Қарапайым қазақтың біразы қалада пәтер жалдап тұрады. Тапқан-таянғанының тең жартысын пәтер ақысына беріп отыр. Енді мыналар панаехали болған соң, тіпті пәтер қымбаттайтын болды. Бұл тағы да қазақтың қалтасына соққы.
  3. Елімізде 83 мың студентке жатақхана жетпейді екен. Олардың көбісі пәтер жалдап тұрады. Алматыда сабылып пәтер іздеген студент қаптап жүр. Баға қымбат, пәтер тапшы. «Тұрсаң осы бағаға тұр, тұрмасаң өзің біл» дейді пәтер иелері. Өйткені биыл сұранысты ресейліктер еселеп арттырды. Студенттерге қиын болды.
  4. Мемлекеттік тіл отыз жыл тізесі қалтырап, әрең орнынан тұрып келеді. Бірақ мыналар қаптап, қайта қиындайтын болды. Себебі бір ауыз қазақша білмейді, білгісі де келмейді. Олар орысша қызмет алады, орысша қызмет көрсетеді, орысша ақпарат алып, ақпарат береді. Қазақша айтсаң, «я не понимаю» деп бетіңе бажырайып тұрады. Принципсіз кей қазақ «түсінбесең ол сіздің мәселеңіз» деудің орнына тілін сындырып, жалпақтап әлек болады.
  5. Қызмет көрсету саласына көңілдері толмай, жазба жазып жүргендері де бар. «Анау ұнамайды, мына жерде ұзын-сонар кезек, ана жерде былай екен» деп мұңын шағып қояды. В чужой монастырь со своим уставом не ходят! Қонақ емессің, өйткені сені ешкім шақырған жоқ. Біз тек қазақты ғана шақырамыз, мемлекет арнайы бағдарлама қабылдап, қандастарды шақырып келеді. Басқа ешкімді шақырған емес, шақырмаймыз да!
  6. Ресейде коронавирус өршіп тұр. Соңғы апта күн сайын 30-35 мың адамнан шығып жатыр. Тек Ресейде ғана кездесетін дельтакрон атты қауіпті штаммы таралуда. Бұлар жаңа штамм түрлерін әкеліп, қайта вирус өршіп кетпесіне кепілдік жоқ. Бірақ ол ешкімді алаңдатпайтын сияқты.
  7. Бұлардың барлығы дерлік Ресей агрессиясын айыптап келгендер емес, арасында арнайы қызмет өкілдері, қоғамды зерттеу институттары, арандатушылар мен сепаратистік көңіл-күйді тудырушылар болуы да ықтимал. Мысалы ертең жанжал шығарып, арандату мақсатында роликтер түсіріп, «орыстілділерді қорлап жатыр» деп шулап шыға келмесіне кім кепілдік береді. Оған көп адамның керегі жоқ. Екі-үш облысқа екі-үш арандатушы, камера болса болғаны. Бітті. Ролик түсіріп, әлеуметтік желіге салады. Қалғанын Ресей БАҚ-тары мен пропагандистері өздері-ақ іліп әкетеді. Арғы жағы түсінікті. Тағы бір мәселе Украина соғысында ұшақтарға соққы жасауда белгі (метка) қойып жүрген мыңнан астам диверсант болғаны анықталды. Олар бірнеше жылдар бойы Украинаға түрлі саладағы жұмысшылар ретінде кірген. Сын сағатта өз миссияларын жасады. Нені меңзеп тұрғанымыз түсінікті болар. Қауіп еткеннен айтамыз ғой.

Бұл біз көріп жүрген, біз білетін қауіптердің біразы ғана. Жасырын, біз білмейтін қанша қауіп бар. Елді, мемлекетті, халықты ойлағаннан айтамыз ғой. Шырылдап жүрген сан қазақ мына ел жаман болсын деп айтпайды ғой, алаңдағаннан айтады, жазады.

Біздің ұлттық қауіпсіздікке қырандай қырағы болу керек. Оны айтпаса да бізден жақсы біледі (деп үміттенемін). ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті құлағына алтын сырға! Әлем демократиялық құрылымға өтуде. Қазақстан да сол стандарттарға жақындауға тырысуда. Ұлтқа, нәсілге, дінге бөліп, бөлшектеу жоқ. Ол дұрыс. Кім қайда барып, қалай жұмыс істесе де өз еркі. Қай елге келемін десе де, тұрамын десе де өзі біледі. Қазақстандықтар да, өзге ел тұрғындары да. Бірақ сақтық пен қауіпсіздікті ешкім алып тастаған жоқ. Сондықтан сақтық керек. Қырағылық қажет. Бұл тек Ресейден кіріп жатқандарға қатысты емес, барлық өзге елден кірушілерге қырағылықты геосаяси жағдай ушыққанда арттыру керек,

дейді ол.
ТЕГи: Әлеуметтік желі, Геосаясат, Главное, Қазақстан
Айдын Қайнарұлы 22.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?