Фото: @ztb_qaz
Бұл Richard Mille маркалы қол сағаты. Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы Бақыт Ибрагимовтан тәркіленген. Құны 400 миллион теңгеге бағаланып отыр.
Бір күн бұрын Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті дәл осы швейцариялық сағатты сататынын хабарлады. Бастапқы бағасы 393 — 669 млн теңгеге дейін.
Аукцион 17 мамырға жоспарланған. Сатылымнан түскен ақша республикалық бюджетке түседі.
Бір қызығы, сағаттың құнын бағалаған «BestCost» ЖШС. Оның қызметіне мемлекет 1 780 000 теңге төлеген екен.
Нәтижесінде, сағат су өткізбейтін және эксклюзивті болып шықты. Бұл серияда тек 50 данасы ғана сатылымға шыққан.
Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында RBK банкінен 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша бағалы аксессуар тәркіленген болатын. Сол кезде экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға, кәсіпкер Бақыт Ибрагимов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуінің де мүлкі тәркіленді. Бір жылдан кейін олардың жазасы жеңілдетіліп, тиісінше 9 және 7 жылға дейін қысқартылды.
Айта кетейік, Richard Mille маркасын басқаша «миллиардер сағаты» деп атайды. Аталмыш қымбат сағатты актер Сильвестр Сталлоне, Джейсон Стэтхэм, Джеки Чан, теннисші Рафаэль Надаль, «Формула 1» қатысушылары, миллиардер Илон Маск, боксшы Флойд Мейвезер, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сынды атақты шоу-бизнес өкілдерінің қолынан көруге болады.
Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев 2022 жылдың қаңтарында Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды. Ол 2019 жылдың 28 маусымынан бері мегаполистің басшысы еді.
Өткен жылы Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының мүшесі болып тағайындалды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…