«Көкейдегі арман орындалды: мәңгі бейбітшілік пен келісім жолында барлық бұрынғы президенттерді бір дастархан басына жинай алдым». Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров елдің бұрғынғы президенттерімен кездесу қорытындысы жөнінде әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.
«Ауызбіршіліктің жоқтығы мен билікке деген бітпейтін таластың салдарынан біз өткен жылдардағы империядан айрылдық. Бүгін Орталық Азияның бір бұрышында қалып бара жатқандаймыз. Қазір солтүстік пен оңтүстікке, 7 облысқа бөлініп, әркімнің «көрпені өзіне қарай тартуға» тырысуын былай қойып, экс-президенттердің жақтаушылары болып бөліну бар. Өкінішке қарай, қырғыз елі жік-жікке бөлініп кетті. Егер мемлекетіміздің болашағын ойласақ, онда барлығын біріктіруіміз қажет. (Көшбасшылар бірікпей, оларды жақтаушылар бірікпейді). Халық кезінде сайлаған бұрынғы президенттерді жинау туралы ой көптен мазалайтын. Міне, ойымды іске асыра алдым. Халқымыздың салты бойынша дастархан басына жинадым. Олар елдің болашағы үшін өткеннің бәрін ұмытып, менің жұдырықтай жұмылу туралы бастамама қолдау білдірді», — деп жазған Садыр Жапаров.
Қырғыз басшысының айтуынша, экс-президенттер өкпелерін айтып, өз қателіктерін де мойындаған.
«Ең бастысы, олар бір-бірін кешіре алды. Менің мақсатым осы еді. Бірақ, ең басты арманым – барлық бұрынғы президенттердің жақтастары, барлық жеті облыстың халқы саясаттан алшақтап, даму мен экономикалық өркендеудің бір бағытын ұстанса», — деп арманын жеткізген Қырғызстан Президенті ел халқын ынтымаққа шақырады. Өткенге кешіріммен қарап, қара бастың қамын емес, мемлекеттің болашағын ойлауға үндейді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…