Categories: Саясат

Садыр Жапаровтан қырғыздарды қорлағаны үшін кешірім сұрау талап етілді

Facebook қолданушысы Аида Сасыбаева Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтан қырғыздарға тіл тигізгені үшін кешірім сұрауды талап етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Аида Сасыбаева президенттің қырғыздарды жалқау деп атағаны ұнамағанын атап өтті.

Бұл менің ұлттық ар-намысыма тиеді, мен сізден кешірім сұрауды талап етемін. Өзіңіздің абайсызда айтқан сөзіңізбен менің еліме, халқымның беделіне нұқсан келтіресіз. Осындай кемсітетін сипаттама кесірінен басқа елдерде біз туралы жағымсыз пікір туындауы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай көзқарас балаларға теріс әсер етеді, балалардың өзін, ата-анасын, туыстарын және тұтастай алғанда бүкіл халықты қабылдауын бұзады,

деп жазды ол.

Аида Сасыбаева президент «ойланып, көпшілік алдында кешірім сұрайды» деген үмітін білдірді.

Әйтпесе, мен барлық әлеуметтік желілерде флешмоб жариялауға мәжбүр боламын. Бұл акцияға жеткілікті адам қосылғанда, ереуілді бастайтын күнді анықтаймыз,

деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Садыр Жапаров Көлік және коммуникация министрлігіне жол техникасын тапсыру рәсімінде қазақ пен қырғыз — жол салушылар туралы әзіл айтқан болатын. Бұдан кейін Жапаров президент әкімшілігіне арналған ғимарат қырғыздардың жалқаулығынан баяу салынып жатқанын атап өтті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago