Categories: ВидеоСпорт

«Астана» камбэк жасап, Чемпиондар лигасында қалды

«Астана» футбол клубы Тбилисиде «Динамоны» ұтып, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті. Отандастарымыз сырт алаңдағы қарымта ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды vesti.kz.

Бір апта бұрын «Астана Аренадағы» ойында командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан.

Тбилисидегі қарымта ойынды алаң иелері ширақ бастады. 22 минутта Усман Камара есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды.

Екінші таймды да «Динамо» шабуылмен бастап, есепті еселеуге аз қалды. 50 минутта Абзал Бейсебеков алға ұмтылып, таразы басын теңестірді. Араға бір минут сала Дембо Дарбо есепте елордалық команданы алға шығара білді. Оның асқан шеберлікпен тепкен добын Гиорги Лория қайтарғанмен, доп қақпа торында тулады. Осылайша Григорий Бабаян шәкірттері камбэк жасай білді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 часа ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

4 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

6 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

1 день ago