Қазақстанның үш қаласында кезектен тыс президент сайлауы бойынша дауыс беру уақыты өзгертілді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, осы қалалардың аумақтық комиссиялары дауыс беруді бастау үшін басқа уақыт белгілеу туралы шешім қабылдады.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының жедел ақпарат ұсынуына сәйкес, тиісті аумақтық сайлау комиссияларының шешімі бойынша 86 сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 6:00-де басталады,
деді Әбдіров ОСК отырысында.
Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.