Президентті сайлау бюллетендерінде «барлығына қарсы» деген баған шығады.
Мұндай баған енгізу туралы президент 21 қыркүйекте жариялаған жолдауында айтқан еді.
«Барлығына қарсы» бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы,
деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров комиссия отырысында.
Айта кетейік, президент кандидаттығына үміткерлер 23 қыркүйектен бастап ұсынылады.
Елімізде президент сайлауы 2022 жылғы 20 қарашада өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысы үндеуінде мәлімдеді.