Categories: Саясат

Сайлаудан дау шықты: кандидаттар неге соттасып жатыр?

Қазіргі саясаттың сапырмасы сайлау болып тұр. Дауыс беретін күн жақындаған сайын жан-жақты талқы мен дау-дамай басылар емес. Бірін-бірі шалып жатқан үміткерлерді де көруге болады.

3 жыл бұрын әлуметтік желідегі жазбасы үшін сотталған белсенді Әлнұр Илияшев мәжіліс пен мәслихат сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына қатыса алмайтынын мәлімдеді.

«егер менің «Amanat» бұрынғы «Нұр Отан» партиясын сынағаным үшін соттылығым болмаса, қазір сайлау алды насихат жұмыстарыммен айналысып жүрер едім,

деп жазды белсенді.

Алайда ол басқа тәуелсіз кандидаттардың мандаттарын ақаулы жүйенің кемшіліктерінен қорғайтынын меңзеді.

Белсенді Әлнұр Илияшев.

Сонымен қатар Олжас Сүлейменов сайлаудан шеттетілді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жазбаға сүйенсек, сайлау заңын бұзуына байланысты сайлаудан шеттетілген көрінеді. Жасақталған мобильді штабымен өз округін аралап, тұрғындармен кездесу жүргізген соң, белгілі адамдар бұл жұмысты бұрмалап, әлдебір заң бұзушылықтарды тапқан екен.

бар күшімізді жұмсап, қызу жұмысқа енді кіріскен едік, өкінішті

деп жазды экс-кандидат.

Осы тұста Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың Әйгерім Тілеужанның ұсталуына байланысты пікірі де маңызды болып отыр. Себебі Әйгерім Тілеужан ақпан айының соңында депутаттыққа кандидат кәулігін алмақ болған кезде ұсталған. Аудандық сайлау комиссиясына келген кезде оны полиция кәдімгідей күтіп тұрып құрықтаған. Ал Ахметжановтың сөзінше, сайлау заңнамасына қатысты барлық мәселе қадағалау органының құзіретінде. Қылмыстық іс қозғалды деп айтуға әлі негіз жоқ, дегенмен тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Билік оны қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына жасалған шабуылға қатысты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп күдіктенеді. Белсенді өзіне қатысты шығарылған айыпты жоққа шығарып отыр. Ол 2022 жылдың қарашасынан бері үй қамақта отыр.

Журналист Әйгерім Тілеужан

Оралдық белсенді Лұқпан Ахмедьяров сайлауалды сайыс әділетсіз өтіп жатыр деп шағымданды. Оның айтуынша, ол бұған дейін жарнама агенттігімен қаладағы автобустардың ішінде үгіт-насихат плакаттарын орналастару туралы келісімшартқа қол қойған. Алайда автобусқа жауапты мекеме басшылары жұлып тастау жөнінде тапсырма берген көрінеді.

әділ сайлау деген осы ма?

деп ашына жазды журналист.
Журналист Лұқпан Ахмедьяров

Көпшіліктің қолдауына іліккен кандидаттардың бірі Арман Шораевтың басы дауға қалып жатыр. Оны ол өзі де ұната қоймайтын Ресейдің фанаты басқаратын «Қызылдар Қазақстан халық партиясы» сотқа беріп жатыр.

Айыбы 104-бап:

кандидаттар саяси партиялар туралы жалған мәліметтер тарату

«Шораев Арман Төлегенұлына қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Нүрия Балтабайқызының өтініші бойынша іс жүргізуге қабылдансын» делінген сот ұйғарымында.

Шораев та үнсіз емес. Әдеттегідей, ойындағысын жайып салды.

бәріңізге белгілі, Ертіспаев келіскен пікірсайысқа келмеді. Сотта да өзі ұсынып отырған партиясын қорғауға жігіттік сөзін айтуыға жарамай отыр

Ал сотта Шораевтың шынымен де ар-намысына тигені дәлелденсе, депутаттыққа кандидат ретінде тіркеу туралы шешімінің күші жойылады.

Не дейміз. Сайлаудың көркі – сот болып тұр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago