Оқиға

Салтанатты қаралау арқылы Бишімбаевты ақтау басталып кетіпті

Бұған дейін  «бағылан» атанғандар сүйекке таңба, ұрпақтан қарғыс айтылар абыройсыз, адамдықтан қалыс істерге барып жатыр.

Адам түгілі аң жасамас айуандықты көрсетті.

Бұл тағы да Бишімбаевқа байланысты сөз. Кеше ғана сүйдім-күйдім деген жан бір күнде жатқа айналып, жауыздыққа барған! Ақ некелі жұбайының жан алғышы өзі болып шыққан.

Таңнан өлімші қылып сабап, кешке дейін жан тәсілім еткенін күткен. Оқиға  болған жердегі бейнежазбаның көзін құртудағы мақсат — қылмысын жасырмақшы болған.

Бұны Қуандық Бишімбаев жалғыз емес, жанындағы адамдардың көмегімен іске асырған. Үш күнде үш тергеуші ауысты. Қылмысты тергеп-тексеру әділ боларына сенім жоқ.  Бұл ретте ескі тергеушілер жаңасының нөмірін бермейді, қоңырауларға да жауап бермейді.

Біздің тараптан Бишімбаевтарға кешірім жасалған жоқ. Кешірмейміз! Жантүршігерлік қылмысқа қатысты жалған ақпарат таратылып жатыр. Салтанатты қаралау арқылы қоғамда теріс пікір қалыптастырып, Бишімбаевты ақтау басталып кетіпті,

Павлодар қаласының экс әкімі Қайрат Нүкенов.

Оның сау жері болмаған. Жерлеу үшін мәйітті жуындырған әйелдер бұл өте қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру екенін айтуда.

Қылмыскердің айуандығын дәлелдеу үшін мәйіттің фото, видеосын жариялау соңғы амал, дейді  ашынған Салтанат Нүкенованың ағасы, Павлодар қаласының экс әкімі Қайрат Нүкенов.

Бұл соңғы амал!

Шарасыздықтың амалы!

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде ол әйелін соққыға жығып, салдарынан қыз оқиға орнында көз жұмған.  

Толық сұқбатты мынау сілтеме арқылы көре аласыздар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago