Бұған дейін «бағылан» атанғандар сүйекке таңба, ұрпақтан қарғыс айтылар абыройсыз, адамдықтан қалыс істерге барып жатыр.
Адам түгілі аң жасамас айуандықты көрсетті.
Бұл тағы да Бишімбаевқа байланысты сөз. Кеше ғана сүйдім-күйдім деген жан бір күнде жатқа айналып, жауыздыққа барған! Ақ некелі жұбайының жан алғышы өзі болып шыққан.
Таңнан өлімші қылып сабап, кешке дейін жан тәсілім еткенін күткен. Оқиға болған жердегі бейнежазбаның көзін құртудағы мақсат — қылмысын жасырмақшы болған.
Бұны Қуандық Бишімбаев жалғыз емес, жанындағы адамдардың көмегімен іске асырған. Үш күнде үш тергеуші ауысты. Қылмысты тергеп-тексеру әділ боларына сенім жоқ. Бұл ретте ескі тергеушілер жаңасының нөмірін бермейді, қоңырауларға да жауап бермейді.
Біздің тараптан Бишімбаевтарға кешірім жасалған жоқ. Кешірмейміз! Жантүршігерлік қылмысқа қатысты жалған ақпарат таратылып жатыр. Салтанатты қаралау арқылы қоғамда теріс пікір қалыптастырып, Бишімбаевты ақтау басталып кетіпті,
Павлодар қаласының экс әкімі Қайрат Нүкенов.
Оның сау жері болмаған. Жерлеу үшін мәйітті жуындырған әйелдер бұл өте қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру екенін айтуда.
Қылмыскердің айуандығын дәлелдеу үшін мәйіттің фото, видеосын жариялау соңғы амал, дейді ашынған Салтанат Нүкенованың ағасы, Павлодар қаласының экс әкімі Қайрат Нүкенов.
Бұл соңғы амал!
Шарасыздықтың амалы!
Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде ол әйелін соққыға жығып, салдарынан қыз оқиға орнында көз жұмған.
Толық сұқбатты мынау сілтеме арқылы көре аласыздар.