Инсайдер

«Самұрық-Қазына» қорын әлдекімдер тыныш қана сорып келген

«Самұрық-Қазына» қорына қарасты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының сатылған әр билетінен жекеменшік «Instant Payments» фирмасына ақша түсіп отырған. Жалпы алғанда тоғыз жылда 5,7 миллиард теңге аударылған.

Ол компанияның қазіргі қожайыны кезінде «Оператор РОП» штатында қызмет еткен Диас Мәдиқожин болып шықты. Оның атында криптовалютамен айналысатын «Global crypto mining limited» фирмасы тіркелген. Одан бөлек ауыл шаруашылығындағы лизинг бойынша қызмет көрсететін «Leasing group» компаниясында үлесі бар. Ол туралы бірінші болып «Еуразия» телеарнасы хабарлады.

Осылайша, Әлия Назарбаеваның мойнына қыл арқан түсті. Және ол жайлап тартылып келеді.

Әлияға қатысты қылмыстық істің қозғалуына жетерлік 18 томдық дәйек жиналды. Әсіресе РОП-тың құрылтайшысы болған, Әлия Назарбаеваның үй күтушісі деп саналатын Шынар Мұхтарованың Дубайдан экстрадициялануы көп көмектесті. Ол тергеуде қажет барлық ақпаратты берді. Тергеумен келісіп, шартты жазаға кесіліп, бостандыққа шықты,

дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Қазір Дариға, Динара мен Әлия Назарбаевалардың қылмыстық іс орбитасына ілініп, Интерпол арқылы қудалауға ұшырамауына Кремль ара-ағайындық етіп, «Жаңа Қазақстан» фемидасын әрең ұстап тұр. Бірақ ол статус-кво қанша уақытқа дейін созылатыны белгісіз.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

15 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago