Қоғам

Зілзала кезіндегі қауіпсіздік шараларын түбегейлі қайта қарау қажет – Қ.Тоқаев

Алматыда болған зілзала тұрғындардың төтенше жағдайға дайындығы өте нашар екенін көрсетті. Президент Үкіметке сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін толығымен қайта қарап, сапасын жақсартуды тапсырды.

Тұрғындардың азаматтық қорғаныс деңгейі төмен, яғни көптеген азаматтар төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін білмейді. Зілзала кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпаратты әрбір азамат жатқа білуі қажет. Бұл жерде мемлекеттің де, жеке азаматтардың да жауапкершілігі болуы керек. Сейсмикалық қаупі жоғары аймақтың тұрғындары үшін суыт жағдайға арналған сөмке дайындау өте маңызды.

Мемлекет басшысы азаматтарды төтенше жағдай кезінде қалай әрекет етуге оқытудың маңыздығын баса айтты. Бұған қоса, азаматтық қорғаныс дайындығын бағалаудың нақты жүйесін енгізу керек.

Зілзала қаупі туралы тұрғындарды алдын ала құлақтандыру аса маңызды. Президент Үкіметке сейсмикалық мониторинг пен зілзаланы болжау жүйесін жетілдіру туралы нақты тапсырма берді. Бұл бағытта әлемдік инновациялық шешімдерді, жасанды интеллект, Google-дың ескерту жүйесі сияқты озық технологияларды пайдалану қажет.

Президент азаматтық қорғаныс жүйесін сынға алды. Құзырлы органдар бұл сынақтан өте алмады. Президент мемлекеттік органдардың Алматыда болған төтенше жағдайдан тиісті сабақ алу керектігін баса айтты.

Апат айтып келмейді. Төтенше жағдай кезінде барлық құзырлы органдар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлесе әрекет етуі тиіс. Президент барлық мемлекеттік органдар кез келген төтенше жағдайға дайын болу керектігін айтты. Жаппай үргін-сүргін мен паникаға жол беруге болмайды.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде құзырлы органдарға қандай бір көмек сұрап хабарласқан әрбір азамат мемлекет қамқорлығын сезінуі тиіс деп атап көрсетті.

Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы бұған дейін атқарылған жұмыстардың сапасы сын көтермейді. 2021-2023 жылдарға арналған кешенді шараларды жүзеге асыру тек қағаз бетінде орындалған. Мемлекет басшысы Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне Алматы қаласында ірі зілзала болу қаупін алдын ала ескертуге арналған автоматтандырылған жүйені енгізуге бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын тексеріп, бір ай ішінде нәтижесін баяндауды тапсырды.

Тексеріс нәтижесінде қандай да құқық бұзушылықтар анықталса, кінәлілер тиісті жазасын алады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде сыбайлас жемқорлықты араластыруға жол беруге болмайды.

Елде білікті сейсмолог мамандар дайындау мәселесі өте маңызды. Президент осы салада қажетті мамандарды дайындау сапасын арттыру туралы тапсырма берді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

7 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

8 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago