Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > «Самұрық-Қазынаның» депозиттегі ақшасына кімдер таласып жатыр
Экономика

«Самұрық-Қазынаның» депозиттегі ақшасына кімдер таласып жатыр

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 11.01.2023
Обновлено 11.01.2023 в 11:01
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Өткен желтоқсан айында Мәжіліс депутаты Юрий Ли Жоғарғы аудиторлық палата мен Бас прокуратураға және Жемқорлықпен күрес агенттігіне депутаттық сауал жолдаған еді. Депутаттың айтуынша, біздегі банктер ақша табудың тым қарапайым жүйесіне арқа сүйеп алған. Яғни, «Самұрық Қазына» қыруар табысын екінші деңгейлі банктерге депозитке салып қояды. Ал банктер сол ақшаға мемлекеттің құнды қағаздарын сатып алады. Сайып келгенде, екінші деңгейлі банктер мемлекеттің, яғни халықтың ақшасын пайдаланып, үстінен пайдаға кенеліп отыр, деп жазады Халық Үні агенттігі.

Мысалы, «Самұрық Қазынаның» 2021 жылғы жалпы табысы 1,6 трлн теңге болса, Үкіметке соның 170 млрд теңгесін ғана дивиденд ретінде төлеген. Қалған шамамен 1,4 трлн теңгені инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, қарыздарын өтеуге және активтер сатып алуға деп өздеріне алып қалған.

Ал «Самұрықтың» 2022 жылдың 30 маусымындағы мәліметі бойынша, екінші деңгейлі банктерде қордың 907,5 млрд теңгесі сақталып тұр. Есепшоттардағы қаражаты мен сатып алынған активтерін қоспағанның өзінде құр депозит көлемі осылай шығып тұр.

Енді келіп, депутаттар бүкіл квазимемлекеттік сектор субъектілері мен банктер арасындағы келісімшарттардың қаржы нарығы мен ұлттық мүддемізге қаншалықты сай екенін тексеру керектігін көтеріп отыр.

Қаржыгер Расул Рысмамбетовтің айтуынша, «Самұрық Қазынаның» өзі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға құлықсыз. Өйткені өңірлердегі инфрақұрылымның нашарлығы жобаны жүзеге асыруға мұрша бермейді. Оның үстіне, министрліктердің жобаны ұзақ мақұлдауы да қолбайлау. Сондықтан оларға банктерге салып қойып, пайыздан пайда тауып отырған ыңғайлы.

Сосын әлгіндей жобаларға банктер де жоламайды. Өйткені, банктер сол айтылған күмәнді жобаларды қоржынындағы депозиттер есебінен қаржыландыратын болса, біріншіден, салымшылардың, екіншіден, Қаржы нарығын бақылау және дамыту агенттігінің қырына ілігуі мүмкін. Қаржы құйған жобасы ақталмай қалса, нәтижесіз тәуекелге барғаны үшін банкті бірінші болып осы агенттік жазалайды.

Ал экономист Эльдар Шамсутдиновтің айтуына қарағанда, бұл бұрыннан келе жатқан, қашан жарияласа да маңызын жоймаған мәселе. Бірақ оны депутаттың аузымен айтылған лоббишілердің әрекеті деп қабылдайды. Әйтсе де оған алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтады.

Есесіне, мұндағы қызықты жері, олар осы тақырыпты көтереміз деп ескі жараның бетін тырнады деген пікірде. Ондағы ойы, бізде қаржы секторын қаржыландыратын негізгі құралдардың бірі осы квазимемлекеттік сектор. Банктердегі заңды тұлғалар қаражатының 50%-дан астамы соларға тиесілі. Бұл біз сияқты дамушы ел үшін қалыпты жағдай. Тек сол ақшаны қайтпек керек?

Оны қайтадан экономикаға құйса, одан аса пайда болмайды. Өйткені, жемқорлық бар, одан қалды, үлкен қаражатты басқара да алмаймыз. Ақырында ақшадан айрылып қалуымыз мүмкін.

Осы орайда квазимемлекеттік сектор қаражатынсыз банктер нарықта тұрақтап қала ала ма деген сұрақ туады. Сарапшының сөзінше, банктердегі квазимемлекеттік сектор депозитінің жалпы көлемі шамамен 4-5 трлн теңге десек, соның ішінде қай банкте қанша ақша жатқанын білу керек. Бірақ ол да маңызды емес. Айналып келіп, сол ақшаны қалай пайдаланған тиімді деген сұрақ маңыздырақ деген ойда. Өйткені, ақша жұмыс істеп тұрмаса болмайды.

Бір кездері банк секторы қиын жағдайға түскенде оларды жандандыру деген мәселе тұрды. Өтелмеген қарыздары артып кетіп, қиын несиелері көбейіп, банк секторын аман сақтап қалу мәселесі туды. Сондықтан, банктің өз қаражатын арттыру үшін пайдасын үстемелеу керек болды. Сол үшін қазіргі жүйені ойлап тапты. Яғни, мемлекет банк қорына ақша құяды, сол ақшаға банктер мемлекеттік құнды қағаздар сатып алады. Сосын сол құнды қағаздардан тапқан пайдасымен депозиттердің пайызын жауып, артығын өзіне қалдырады. Нәтижесінде ақшаны ішкі айналымнан шығармай, банктердің қаражаты көбейеді.

Әйтсе де сарапшы мұның жақсы идея болғанымен, ешкім күтпеген салдары барын айтады. Өйткені, Ұлттық қордан келетін трансферттер, оған қоса экономиканы қосымша қаржыландыру бар.

2020 жылы экономикаға өте үлкен ақша құйылды. Сол ақша экономикада қалып қойды. Осы жолы да депутаттар біреудің лоббиін көздейміз деп көмескі мәселені қайта көтеріп отыр. Сонда осынша көп ақшаны қайда жіберу керек? Қаржы секторы онсыз да профицитте.

Оның пікірінше, банктердің қанша тауып жатқаны өз шаруасы. Одан да біреудің ақшасын санағаннан гөрі сол жұмыссыз жатқан көп қаражатты қалай жарату керектігін ойлау керек. Тек оны жаратарда экономикаға кері әсерін тигізбесе болғаны. Өйткені, құр экономикаға құя салса, онда инфляцияны тағы көтеріп жібереді.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы, Экономика
Сая Манарбековна 11.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?