Нұрлан Жақыповтың Қазақстандағы мемлекет ішіндегі мемлекет деп танылған «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы болып тағайындалуы жайлы белгілі саясаттанушы пікір білдірді.
Әшімбаев өзінің телеграм-арнасында Жақыповтың қысқаша өмірбаянын жариялады:
«Әкесі – Қаршаға Жақыпов Байланыс министрлігінің техникалық басқармасының бастығы, «Қазақтелеком» АҚ радиоландыру орталығының бас директоры қызметтерін атқарған, «Алматы радиоландыру орталығы» ЖШС басқарады.
45 жастағы Нұрлан Жақыпов – ХҚММУ түлегі. ENRC, Chambishi Metals PLC (ENRC-ERG Замбия активі), Research, Investment and Development Ltd (Мәскеу) және Credit Suisse компанияларында жұмыс істеген.
2009 жылы «Тау-Кен Самұрық» ҰМК басқарушы директоры, 2011 жылы — инвестициялық банкинг департаментінің директоры, «RBS (Қазақстан) ЕБ» АҚ Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы, 2012 жылы — инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, UBS AG Астанадағы өкілдігінің басшысы болды.
2016 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры (Асқар Жұмағалиев кезінде), 2017 жылдың қаңтарында – «Астана» ӘКК басқарма төрағасы (қала әкімі Әсет Исекешевтің кезінде) болды.
2019-2020 жылдар аралығында Rothschild & Co компаниясының Қазақстандағы өкілі болды. 2020 жылдың тамызында Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd компаниясын басқарды. KIDF – Түркістандағы «Керуен Сарай» кешені, «Rixos Water World Aktau» қонақ үйі және Ақтаудағы «Tetysblu» саябағы сияқты танымал жобаларға ие «KIDF тікелей инвестициялар Қоры» активтерін басқаратын АХҚО мүшесі. Қазақ, орыс, ағылшын және испан тілдерінде сөйлейді.
Кейбір деректер бойынша – ажырасқан, екі баласы бар».