Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Самарқанда түркітілдес елдердің саммиті басталады
Басты жаңалықтарСаясат

Самарқанда түркітілдес елдердің саммиті басталады

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 11.11.2022
Обновлено 11.11.2022 в 12:11
Поделиться
Поделиться

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барды.

Былтыр түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Түркі мемлекеттер ұйымы деп өзгертілген. Мемлекет басшыларының кездесуі алғаш рет өзбек қаласында ұйымдастырылды. Саммитке төрағалық ету Өзбекстанға өтті.

Өзбекстан СІМ аймақ ұйымдарымен өзара қарым-қатынас бөлімінің жетекшісі Рахматилла Нұрымбетовтің айтуынша, саммиттің күн тәртібінде сауда қатынасын дамыту, көлік және кеден қызметімен байланысты процестерді жеңілдету, қосымша көлік дәліздерін ұйымдастыру тәрізді мәселелер бар. Саммит соңында қорытынды құжат ретінде Самарқан декларациясы қабылданады.

Ұйым хатшылығы мәліметіне қарағанда, Самарқандағы саммитке Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан президенттері, байқаушы ел болып келген Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов және Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан қатысуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Саммиті аясында Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынасты, оның ішінде экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Біздің елдер арасындағы байланыс жақсы дамып келе жатыр. Әйтсе де біз екі мемлекеттің ынтымақтастығына тың серпін беруіміз керек деп ойлаймын. Әсіресе, арадағы сауда айналымының көлемі әлі де қанағаттанарлық деңгейде емес. Бұл бағытта екі елдің де әлеуеті зор. Мажарстан – Қазақстан үшін маңызды серіктес ел. Сіз Премьер-министр ретінде біздің түрлі саладағы ынтымақтастығымызды ілгерілетуге көп еңбек сіңіріп келе жатқаныңызды білемін,

деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан екіжақты кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.

Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Мен осыдан бірнеше жыл бұрын алғаш рет Премьер-министр қызметін атқарғанда Қазақстан мен Мажарстанның мәдени, экономикалық байланыстары өте берік болғанын білемін. Енді екі елдің ынтымақтастығына бизнес өкілдері тың серпін беруі керек. Қазақстанның ірі компаниялары Мажарстанға инвестиция құйса, экономикалық қарым-қатынасымыз жаңа деңгейге көтерілер еді,  

деді Мажарстан Премьер-министрі.

Кездесуде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 11.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?