Алматыда өтіп жатқан Қаңтар оқиғасына қатысты сотта ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Руслан Ысқақов шулы мәлімдеме жасады. Іс бойынша негізгі айыпталушылар Ысқақовтан басқа, Дикий Арман лақап атымен танылған криминалист Арман Жұмагелдиев пен қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сотталушының айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде ол сол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Самат Әбіштің бұйрығын орындаған. Руслан Ысқақов ҰҚК 5-департаментінің бастығы болған.
Мен берген куәлік құпия болып қалды… Әбіштің бұйрығын орындадым деп айтуыма тыйым салмақшы,
деді Ысқақов сотта.