Тұрсынбек Қабатов тілінен тапты. Өз концертінде орысша сөзді көп қосатыны үшін танымал комикті журналист және блогер Гүлбану Әбенова сынап тастады.
«Жапонияны неге Япония дейді?» деген тақырыппен жазылған постында блогер былай дейді:
Тіл — сөйлеу мәдениеті. Сахнадан айтылған әрбір сөз халықтың құлағында қалады. Сондықтан осылай сөйлеу дұрыс әрі қалыпты деп ойлайды көпшілік.
Кеше белгілі қаламгер Roza Mukanova теледидардағы шұбарланған тіл тақырыбын көтерді. Бәрі келісті, қауым қолдап отыр. Енді телеарна басшылары осы мәселеге міндетті түрде мән беруі керек.
Мысалы, осы Қабатовтың сахнаға лайық емес екенін үнемі айтып келемін. Не білімі, не мәдениеті жоқ. Надан, бірақ пойдет біздің ауылға біз де ауылдан шықтық деп қолдайды халық.
Кеше арасына көп орысша сөз қосады деп автобус кондукторының сөз саптауына жұрт қаншама сын айтты.Ол жәй кондуктор. Осы жұмысқа білімі, дипломы болмаған соң барды ғой.
Ал, мен қазақша жазсам қаншама сын естимін. Жазбасаң тағы пәле. «Неге қазақша жазбайсың?» деп шығады осы Қабатовтың көрермендері.
Біздің қалада қазақ мектебі болмады. Сондықтан орысша оқыдым. Ал Қабатов ауылда қазақ мектебінде оқыған. Ол неге көп орысша сөз қосады? Неге Жапонияны Япония дейді?
Остров — арал
Краска — бояу
Есть такое государство — мұндай мемлекет бар
Художник — суретші
Кисточка — қылқалам
Қазақ мектебін бітірген Қабатовқа жеткізіңізші: «мен гугл-аудармашыны қолдандым, ол да соны қолдансын».
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…