Сауда министрі енді Қазақстан өзін 100% қантпен қамтамасыз ететінін мәлімдеді.
Осындай жағдай қайталанбас үшін биыл әр облысты әр қант зауытына бекіттік. Аймақтар айналым қаражатын басқа аймаққа емес, өздерін тойдыру үшін беруі керек. Биыл өзімізді қантпен қамтамасыз етеміз,
деді Серік Жұманғарин.
Министр қамыс қанты болатынын айтты, себебі әзірге елде қызылша жеткіліксіз.
Есесіне өзіміздің қантымыз. Енді қант тапшылығы болмайды. Біз зауыттармен келістік, бағасы келісіне 450 теңгеден аспайды,
деді сауда министрі.