Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Денсаулық > Саумал өндіруші компания жалған жарнама таратқаны үшін жауапқа тартылды
ОқиғаДенсаулық

Саумал өндіруші компания жалған жарнама таратқаны үшін жауапқа тартылды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 15.12.2023
Обновлено 15.12.2023 в 12:12
Поделиться
Поделиться

Саумал өндіруші жалған жарнама таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысының прокуратурасы интернет желісінде, соның ішінде танымал блогерлер, спортшылар және әртістердің парақшаларына талдау жүргізді. Оның нәтижесінде тағамға биологиялық белсенді қоспалардың қасиеттерін асыра сілтеу арқылы жарнама таратылып жатқаны анықталды.

Анықтама үшін: ББҚ – тағаммен бір мезгілде қабылдауға немесе тағамдық өнімнің құрамына қосуға арналған табиғи және (немесе) табиғимен бірдей биологиялық белсенді заттар, сондай-ақ пробиотикалық микроорганизмдер.

Желіде «NEOSAUMAL, SAUMAL» сублиматтау әдісімен құрғақталған бие сүті қант диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды емдейтін бірегей өнім ретінде белсенді жарнамаланып жатыр. Азаматтардың шағымдарын назарға ала отырып, облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өнім жарнамасының рас-өтірігін тексерді,

делінген прокуратура хабарламасында.

SAUMAL-дың тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде жалпы нығайтушы, имундық ынталандырушы, тыныштандырғыш өнім ретінде тіркелгендігі анықталды. Басқаша айтқанда, дәрілік қасиеті жоқ және жарнамада көрсетілген ауруларды емдей алмайды.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 56-бабы 2-бөлігіне сәйкес, ББҚ-ның жарнамасы анық болуға, арнайы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай түсініліп-танылмауға, тұтынушылардың сенімін теріс пайдалану арқылы оларды жаңылыстырмауға тиіс. Кодекстің 56-бабы 3-тармағының 11) және 13) тармақшалары бойынша жарнамада қант диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды «емдеу тәсілдерін» көрсетуге, ББҚ-ларды бірегей, барынша қауіпсіз және тиімді ретінде ұсынуға тыйым салынған.

Осылайша, компания азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, көрінеу жалған жарнаманы тарату арқылы әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

SAUMAL-дың өндірушісіне қатысты 2023 жылғы 30 қарашада ӘҚБтК-тің 157-бабы («Көрiнеу жалған жарнама») бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 175 АЕК көлемінде (603 мың 750 теңге) айыппұл салынды. Ол 2023 жылғы 5 желтоқсанда компанияның өз еркімен төленді,

делінген хабарламада.

Алматы облысының прокуратурасы тұтынушыларға ББҚ-ларды, дәрі-дәрмектерді және басқа тауарларды сатып алар алдында білікті мамандардан олардың қасиеттерінің растығын тексеруді ұсынады. Сондай-ақ тауар өндірушілерді сатылымдағы өнімнің мақсаты мен қасиетін асыра сілтеп жарнамалау үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.

Анара Бауыржанқызы 15.12.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?