Ranking.kz зерттеушілері қазақстандық министрлердің тіл меңгеру бойынша рейтингін жасады. Бүгінде Қазақстанда 19 министр бар.
Биыл тіл меңгеру жағынан бірінші орында — ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Ол жеті тіл біледі — қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, итальян тілі, түрік тілі, жапон тілі және латын.
Екінші орында сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. Олар бес тілден меңгерген.
Үштікке ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кірді. Олар төрт тілден біледі.

Айта кетейік, Тамара Дүйсенова меңгерген төрт тілдің ішіне қазақ тілі кірмейді. Мемлекеттік тілді төтенше жағдай министрі Юрий Ильн білмейтін болып шықты.