Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Сейітқазы және Әсет Матаевтар: істің мән-жайы
Қоғам

Сейітқазы және Әсет Матаевтар: істің мән-жайы

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 19.07.2022
Обновлено 19.07.2022 в 09:07
Поделиться
Поделиться

Жоғарғы сот Ұлттық баспасөз клубының негізін қалаушы және Журналистер Одағының басшысы Сейітқазы Матаев пен «ҚазТАГ» ЖШС бас директоры Әсет Матаевты ақтады. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі жетекшісі Айдос Сәдуақасов хабарлады.

Мазмұны
Бәрі неден басталды?Саяси құрбандар6 жыл қалай өтті?

«Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты қылмыстық істі қарап, қылмыстық істі жаңадан апелляциялық сот отырысына жіберді. 24 маусымда Жоғарғы сотқа келіп түскен наразылықта бас прокурор іске қатысты елеулі мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі жаңа апелляциялық қарауға жіберуді сұрады. Жеті судьядан тұратын Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бүгін, 19 шілдеде наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды»,

делінген хабарламада.

Ақталғандарға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттеріне байланысты келтірілген зиянды өтеу құқығы танылған. Наразылық ішінара қанағаттандырылды.

Даулы іс бойынша үкім 2016 жылы шығып, журналистер алты және бес жылға сотталған болатын. Бүгін біз істің мән-жайына тоқталмақпыз.

Бәрі неден басталды?

2016 жылы журналистер отбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросының назарына ілікті. ҚР Байланыс және ақпарат комитеті мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Сейтқазы мен Әсет Матаевтарды бірнеше миллион теңге қаражат жымқырды және шарттық міндеттемелерін адал орындамады деп айыптады.

Тексеріс барысында мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бойынша Ұлттық баспасөз клубына бөлінген қаражат жымқырылды және Сейтқазы Матаев бірнеше жыл бойы салық төлеуден жалтарғаны анықталды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Матаевтар мемлекетке 529 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Бұл журналистер үстінен қылмыстық іс ашуға себеп болды. Жарты жылға жуық тергеу амалдары жүргізілді.

Бастапқыда бұл іске тағы бірнеше адамның қатысуы тергелді. Олар ҚР Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің бұрынғы төрағасы Талғат Қазанғап, ҚР Жоғарғы Сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Болат Кальянбеков, Ақпараттандыру және байланыс комитетінің бұрынғы басшысы Болат Берсебаев және басқа да жоғары лауазымды шенеуніктер. Бірақ кейін олар «ісіне өкінетіндігі мен кінәлілерді анықтауға ықпал етуге көмектескені үшін» куәгерлерге ауыстырылды.

Саяси құрбандар

40 күнге созылған сот процесінде сот төрағасы үш рет үзіліс жариялады. Бас айыпталушының қан қысымы көтеріліп, оған бірнеше рет сот залына жедел жәрдем шақырылды. Сейтқазы Матаев оған тағылған айыппен келіспеді, тек уақытында салық төлемегенін ғана мойындады. Баласы Әсет те қаражат жымқыруға қатысы жоғын айтты.

Матаевтардың адвокаттары қорғалушыларының кінәсіздігін дәлелдейтін қолындағы барлық құжатты сотқа бергенімен, сот бұған дәйек ретінде қараған жоқ.

Қазақстан Ұлттық баспасөз клубының негізін қалаушы және Журналистер Одағының басшысының пікірінше, ол ұлы екеуі саяси қудалауға ұшыраған. Сотталушы Матаевтар бірнеше адамның есімдерін жария етті, олардың арасында ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы Төрағасы Нұрлан Нығматулин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы басшысының бұрынғы орынбасары Талғат Татубаев және қазақстандық олигарх Александр Клебанов болды.

Матаевтың айтуынша, олар оны барлық активтерін беруге мәжбүрлеген: «ҚазТАГ-ты берcең болды бәрін тоқтатамыз, істі тоқтатып, қылмыстық жауапкершіліктен босатамыз» деген.

Нұрлан Нығматулин БАҚ-қа осы іске қатысты пікірін білдіріп, Матаев бизнеске саяси реңк беру үшін жоғары лауазымдардың тегін атады деген болжамын айтты. Мәжілістің сол кездегі төрағасының айтуынша, журналист оны негізсіз кінәлаған.

Матаев айыптаған екінші адам – Талғат Татубаев та түсініктеме берді. Ол Сейтқазы Матаев өзін қорғау үшін денсаулығымен манипуляция жасап жатыр, адамдардың эмоциясында ойнап, танымалдылығы есебінен қоғамның назарын аударуға тырысады деп сендірді.

6 жыл қалай өтті?

3 қазан 2016 жылы сот әкесі мен ұлын «аса ірі көлемдегі алаяқтық» үшін кінәлі деп таныды және тиісінше алты және бес жылға бас бостандығынан айырды. Екеуі де жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейді. Сонымен қатар, сот шешімі бойынша Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың мүлкі тәркіленіп, екеуіне де мемлекеттік, сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда материалдық-жауапты лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салынған.

2017 жылдың көктемінде Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша Сейітқазы Матаевты қамау мерзімі екі жыл сегіз айға қысқарды. Ал сол жылдың желтоқсанында Алматы облысының Қапшағай қаласының соты шартты түрде мерзімінен босату туралы өтінішті қанағаттандырғаннан кейін Матаев бостандыққа шықты.

Адвокаттар шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере отырып, Сейтқазы Матаевтың зейнеткерлік 63 жасқа жеткенін және оның денсаулық жағдайын ескеруді сұрады. Адвокаттардың айтуынша, түрме әкімшілігі ішкі тәртіпті сақтауы бойынша Матаевқа оң сипаттама берген.

Ал 2018 жылы Әсет Матаевтың да жазасы жеңілдеп, ол қоныс колониясына ауыстырылды.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 19.07.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?