Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Әлеуметтік желіге шолу > «Сектанттың бірі сүрінді»: Сырымбек Таудың Мәжіліс сайлауынан шеттетілуі талқыға түсті
Әлеуметтік желіге шолу

«Сектанттың бірі сүрінді»: Сырымбек Таудың Мәжіліс сайлауынан шеттетілуі талқыға түсті

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 15.02.2023
Обновлено 15.02.2023 в 12:02
Поделиться
Поделиться

ОСК шешімімен Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау Мəжіліс сайлауынан ресми түрде шеттетілді. Бұл туралы партия әлеуметтік желілердегі парақшаларында мәлімдеді.

Мазмұны
Заңды білмеді ме, әлде?..Депутат болмай-ақ депутаттардың жұмысын атқарып жүрБилікке жақындатпау керек

Бәлкім, формальдық дүние өте маңызды шығар, бірақ ол өте лайық кандидат болды. Сырымбек нөлден бастап жеке кәсібін ашып, 600-ден астам адамды жұмыспен қамтып, мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден астам салық төлеген,

делінген партияның мәлімдемесінде.

Заңды білмеді ме, әлде?..

Әлеуметтік желілердегі жазбаларға сүйенсек, Сырымбек Таудың шеттетілуіне оның Қазақстан Республикасының азаматтығын былтыр ғана алғаны себеп болған. Ал оған дейін Тау Қазақстанда тұруға ықтиярхатпен тұрып келген. Айта кету керек, Сырымбек Тау Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының тумасы. Конституция бойынша ҚР азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады.

Сырымбек Таудың Мәжіліс сайлауынан шеттетілуі әлеуметтік желілерде талқыға түсті. Себебі, көптеген жас буын жаңа құрылған Respublica партиясына және оның белді мүшелеріне (ал Сырымбек Тау сөзсіз фаворит болатын) зор үміт артқан еді.

Орыс тілді аудитория Respublica партиясының мүшелері қалайша азаматтығы жоқ адамды депутаттыққа ұсынған деп дал.

Жаңа партияға қарсы ешқандай ойым жоқ, бірақ халықтың мүддесін ұсынуға бара жатқан депутат өз елінің қарапайым заңдары туралы неге білмейді? Осындай қарапайым сәтте өз елінің заңын білмеген адамнан депутат болғанда не талап етуге болады?,

деп жазды Азамат Сарсенбаев.

Блогер Ербол Молдабек Заңның өзі дұрыс жазылмағанын меңзеді.

Конституцияның 51-бабында «ҚР азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады» делінген.

Бұл жерде азаматтығы кемі 10 жыл болсын делінбеген. Соңғы 10 жыл бойы ыхтиярхатпен тұрып келсе де, бастысы азаматтықтың болуы. Ал азаматтықты алғанына бір жыл болады ма, бір ай болады ма, ол маңызды емес. Егер Сырымбек Тау соңғы он жыл бойы Қазақстанда тұрақты тұрып келген болса, онда ОСК-ның оның кандидатурасын тіркемеуі заңсыз деп есептеймін. Конституциялық сотқа арызданып көру керек шығар,

деп ұсыныс білдірді ол.

Депутат болмай-ақ депутаттардың жұмысын атқарып жүр

Қазақ аудиториясы Сырымбектің көл-көсір жақсылығын айтып, жан-жақтан қолдау жаудырды.

Блогер Сәрсенбек Қызайбекұлы Сырымбек Тау депутат болмаса да бірнеше депутаттың жұмысын атқарып жүрген азамат екенін жазды. ОСК-ның шеттетуін аяқтан шалу деп ойлайды.

Депутат болмаса бір обылысқа әкім етіп сайлап алайық, министірдің шаруасын да шырық иіретін азамат. «Халық қаласа хан түйесін сояды» деген сөз қандай ханға қаратылған екен, Аймағамбетовті де қызыметтен шеттеткен билік кімнің сойылын соғып жүр?

деп сұрақ қойды ол.

Журналист Қалмаханбет Мұқаметқалидің пікірінше, Сырымбек мырзаны депутаттыққа үміткерліктен шеттету «жаңа партия биліктің күлшелі баласы екен» деген қауесеттің күл-паршасын шығарды.

Блогер Өркен Кенжебек те ОСК шешімімен шеттетілген қандас бауырымызға қолдауын білдірді. Айтуынша, ол Сырымбекпен бес жылдың ішінде аға-бауыр боп араласып кеткен.

Жол-жобаны нұсқап отыратын көшелігі, тыртыңбайлыққа салынбайтын тектілігі, қалтасының қалыңдығы, атағының зорына қарамастан қарапайымдылығы бар адами қалпы бір бөлек, бизнестің 12 саласында сан миллион қаржыны ұршықша иіріп отырған кәсіпкер екенін бәрі мойындайды. Енді саясаттың ауылына барсам ба деген тілегіне осылай бөгет қойғаны өкінішті-ақ. “Бюрократиялық кідірістерден” депті ресми мәлімдемесінде “Республиканың”. Бірақ, бұл сынақ мен білетін Сырымбек Тауды одан әрі қайрамаса, жасытпайтыны анық. Айтары бар, ол айтарын жүзеге асыруға ықпалы да бар мықты жаңашыл кандидаттардың бірі еді. Нешеуа, бәрі алда!

деп тілек білдірді ол.

Билікке жақындатпау керек

Ал «Демократиялық партияның» мүшесі Абзал Достияров «Сектанттың бірі сүрінді» деп Сырымбек Тауға қарата көлдей жазба арнады. Оның пікірінше, “Республика” деген атаумен партия құрып жатқандар қалтасын ойлаған саудагерлер мен сайқымазақтардан ғана құралған топ емес, бұл топ ұлтқа және мемлекетке қауіпті топ. Өйткені бұл саяси топ емес, бұлардың ішінде діни жамағат бар, негізгі күш соларда, ал діннің саясатқа араласуы апатқа алып келетіні анық, деп сенеді ол.

Сырымбек Тау мен Қайрат Жолдыбайұлының артында Жұмабек Жанқұлиев деген байшыкеш тұр, ал ол “Форбс” журналының тізімінен ойып орын алған миллиардер. Бұлардың қауіптілігі сонау мұхиттың ар жағындағы Гүлен деген шалға ауыз ашып отырғандығы, яғни «Гүленшілер».

Осы сырттан басқарылатын қағынан жерігендерге партия құрғызып қойған Ақорда қандай бейғам дейсің…

деп жазды ол.

Айтуынша, Сырымбек пен Қайратқа шаң жуытқысы келмейтіндер табылатыны сөзсіз, олардың уәжі – Қайрат “ақиқатшыл діндар”, ”Сырымбек мықты кәсіпкер” – деген сөздер ғана, ал мен олардың кәсіби деңгейі туралы мүлдем әңгімем жоқ. Мәселе — олардың сыртқа қарап ұлитындығында» дейді сарапшы.

Кезінде 2009-шы жылдары “Асыл арна” енді ашылып, Тазабек пен Тілеухан ел алдына шыққанда оларды әшкерелегендер аз болды, көпшілік оларды қолдады, Тілеуханды қазақы әнші, Тазабекті ақтаңгер айтыскер деп дәріптеді, олардан сақтану керек дегендердің сөзіне құлақ аспады. Соңы не болды? Олардың арамзалығын ел көрді, жеккөрінішті адамдарға айналды. Қайрат пен Сырымбектерді де қазір көпшілік қолдағанмен ертең уақыт өте менің осы сөздерім дәлелденеді,

деп сенеді ол.

ТЕГи: Главное, Трендте
Анара Бауыржанқызы 15.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?