Селин Дион ауыр дертке шалдықты: әншінің Еуропадағы туры тоқтады

Канадалық әнші Селин Дион сирек кездесетін неврологиялық ауруға шалдыққаннын және келесі жылы Еуропада жоспарланған концерттерден бас тартуға мәжбүр болғанын айтты.

Әнші Instagram парақшасында жанкүйерлеріне бейнехабарлама жолдап, жақында одан бұлшықеттері қозғалмай қалатын ауру табылғанын айтты. Бұл — дененің әртүрлі бөліктерінде бұлшықет спазмы болатын әлемде әлі дұрыс зерттелмеген ауру. Бұл ауырсынуды тудырады, науқастың қозғалуын шектейді және оның қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді.

Өкінішке орай, құрысулар менің күнделікті өмірімнің барлық салаларына әсер етіп жатыр. Жүргенде немесе дауысымды әдеттегідей қолдануға тырысқанда болады,

деп бөлісті әнші әлеуметтік желіде, оған 5,2 миллион адам жазылған.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтері бойынша, бұлшықеттердің қозғалмай қалуы синдромы миллионға бір-екі адамда кездеседі. Бұл көбіне жауабы жоқ сұрақтарға толы ауру, делінген университет сайтында.

Селин Дион өзінің үндеуінде ұзақ уақыттан бері қатты ауырсынудан зардап шегіп жүргенін және жақында ғана дәрігерлер мұның неден туындайтынын түсіне алғанын жеткізді.

Мен ұзақ уақыттан бері денсаулық мәселесімен күресіп келемін. Маған бұл сынақтарға қарсы тұру және басымдағы жайттарды айту өте қиын болды. Өзімді жақсы сезінуге көмектесетін керемет дәрігерлер тобы бар, сондай-ақ мені қолдайтын және маған үміт беретін балаларым бар,

деді Дион.

Әншінің айтуынша, күш-қуатын қайтару үшін ол күн сайын спорт терапевтімен жұмыс істейді және жақын болашақта қайта сахнаға шығатынына сенеді. Алайда, бұл күрес өте қиын жүріп жатқанын мойындады.

Өте сирек кездесетін ауру

Әншінің еуропалық туры 2023 жылдың ақпанында басталуы керек еді, бірақ ол денсаулығына көбірек көңіл болу үшін оны тоқтатуға шешім қабылдады.

Мен қалпына келу жолындамын деп үміттенемін. Қазір бар назарым денсаулығымды және бәрі қалпына келу үшін бәрін жасаймын,

деді Селин Дион.

Қазіргі уақытта ғалымдар бұлшықеттің қозғалмай қалуы синдромының нақты себебін білмейді, бірақ оны ми мен жұлын аймағындағы азғаның оқыс аутоиммундық реакциясымен байланыстырады.

Бұл ауруды диагностикалау қиын. Ол көбінесе басқа аурулармен шатастырады — мысалы, Паркинсон ауруы немесе склероз.

Бұлшықеттің қозғалмай қалуы синдромын мамандар қан анализі арқылы анықтай алады.

Ауру емделмейтін болып саналады, бірақ оның дамуын бәсеңдету және өмір сүру сапасын жақсарту үшін дәрігерлер бірқатар дәрі-дәрмектер мен түрлі терапияларды тағайындайды.

2016 жылы Дион күйеуі мен менеджері Рене Анжелил тамақ қатерлі ісігінен, ал екі күннен кейін әншінің үлкен ағасы Даниэль қатерлі ісіктен қайтыс болғаннан кейін концерттік қызметін біраз уақытқа тоқтатқан болатын.

Өміріндегі қиын кезеңнен кейін Дион 2019 жылы сахнаға оралды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

17 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

17 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

17 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

17 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

19 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago