АҚШ ресейлік атышулы қару-жарақ сатушыны баскетболшыға айырбастады

Ресейде есірткі контрабандасына қатысты бап бойынша сотталған америкалық баскетболшы Бритни Грайнер АҚШ-та қару-жарақ саудасы үшін сотталған Виктор Бутқа айырбасталды, деп хабарлайды ВВС ақпараттық агенттігі.

Ресей СІМ мәліметтері бойынша, алмасу Абу-Даби әуежайында өтті. Бейсенбі күні кешке Виктор Бут Мәскеудегі Внуково әуежайына келді. Оны әйелі Алла мен анасы Раиса Бут қарсы алды. Оның Ресейге оралу сәті Ресей теледидарының тікелей эфирінде көрсетілді.

Мәскеуде Бут журналистерге айырбастау туралы алдын ала ескертілмегенін айтты. Аолын ала ақпарат тараған жоқ, тек түннің ортасында жинал деген бұйрық келген.

АҚШ президенті Джо Байден Грейнердің де үйіне бара жатқанын айтты.

Бірнеше минут бұрын мен Бриттни Грайнермен сөйлестім. Ол қауіпсіз жерде. Ұшаққа отырды. Үйіне бара жатыр,

деп жазды АҚШ президенті Твиттердегі парақшасында.

Байден сонымен бірге АҚШ-тың Ресейде сотталған экс-теңізші Пол Уиланның отанына оралуы мүмкін екенін мәлімдеді.

БАӘ Президенті мен Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасының бірлесуі Бут пен Грайнерді айырбастау туралы келісімге қол жеткізуге көмектесті.

Ресейдегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова хабарлағандай, Бут та, Грейнер де айырбастау алдында кешірілді. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мұндай алмасудың мүмкін екені туралы хабарлаған болатын. 18 қарашада мұны Ресей СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков растады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен шілде айының соңында АҚШ Гринер мен Уиланның айырбастау мәселесін Ресеймен талқылауға дайын екенін айтқан болатын. Бұл ретте америкалық БАҚ өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, олардың Бутқа айырбасталу мәселесі талқыланып жатқанын нақтылады. Ресей билігі Вашингтонды келіссөздер процесін жариялағаны үшін сынға алды.

Кеңес әуе күштерінің бұрынғы офицері Бут 2010 жылы АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес басқармасы (DEA) операциясынан кейін Таиландтан АҚШ-қа экстрадицияланды. Ол – әлемдегі ең танымал қару-жарақ сатушылардың бірі, оның өмір тарихы Голливудтың «мылтық бароны» фильмінің негізін қалаған.

Бут америкалықтар мен АҚШ шенеуніктерін өлтіру, зениттік зымырандарды жеткізу және террористік ұйымға көмек көрсету жоспарына кінәлі деп танылғаннан кейін 25 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

АҚШ пен Ресей арасындағы тұтқындардың соңғы алмасуы осы жылдың сәуір айының соңында болды. Содан кейін АҚШ-та 20 жылға бас бостандығынан айырылған ресейлік ұшқыш Константин Ярошенко америкалық Тревор Ридке айырбасталды, ол Ресейде полицейлермен төбелескені үшін тоғыз жылға сотталған болатын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

3 часа ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

3 часа ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago