Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті салтанатты түрде ашты.

Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі — 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.

«Ұстаз бен шәкірт» ескерткішінің авторы — Нұрбол Қалиев.

Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.
