Адэль Хамзинаның денесі Семей шетіндегі Степной ауылының маңынан табылған.
35 жастағы Адэль Хамзина 4 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның әпкесі сол күні полицияға хабарласып, көмек сұраған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Степной ауылының маңынан 35 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,
деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.
Оның өлімінің себебі анықталып жатыр.