Абай облысындағы алапат өртті өшіруге Алматы облысы, Іле ауданы, тоғызыншы өрт сөндіру бөлімі көмекке келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазір еліміздің жан-жағынан көмектер жіберіліп жатыр. Олардың арасында алғашқылардың бірі болып, Алматы облысының өрт сөндірушілері барған.
Айта кетейік, 8 маусымда басталған орман өртінің жалпы ауданы 60 мың гектар, оның 43 мың гектары жанып жатыр. Өрт басталғалы көлемі 3 000 тоннадан асатын барлығы 1 017 су төгу жұмысы жүргізілген.
Журналист Ерқанат Көпжасарұлы өрттен қаза болғандардың кредиті кешірілетінін жазды.
«Халық банк» әр отбасыға 3 миллион теңге бермек. Ал Қазақстан халқына қоры отбасыларға 7 миллионнан және әр балаға 2 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр.