Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Нұрбол Нұрсағатов 41 жаста, Шығыс Қазақстанның тумасы. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін, Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын бітірген.
Нұрсағатов ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс комитетінде жұмыс істеген. Елордалық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.