Жақында Қазақстан үкіметі саяси шенеуніктер үшін арнайы енгізілген түзетулер туралы жариялады. Жылы орнынан айырылу үшін енді «сенімді жоғалту» ғана жеткілікті. Бұл нені білдіреді?
Заң жобасының мазмұнында айтылғандай, енді шенеуніктер сөздері мен іс-әрекеттерін мұқият «сүзгіден өткізіп» алулары керек, әйтпесе осылайша олар өздерінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл мемлекеттік ведомствоның беделін түсіруі мүмкін. Ұятты әрекетті біреуі жасап, ал ол үшін бәрі ұялған прецеденттер жеткілікті.
Жаңа қаулыға сәйкес, егер мемлекеттік қызметкер мұндай теріс қылық жасаса, оның болашақта осындай лауазымдарды иеленуге құқығы жоқ.
Теріс қылықтар деп сыбайлас жемқорлыққа байланысты әрекеттерді, өкілеттіктерін асыра пайдалануды, протекционизмді, сыйлықтар қабылдауды, құмар ойындарға қатысуды, заңсыз араласуды, артықшылық көрсетуді және басқа да осы сияқты әрекеттерді айтамыз.
Сонымен қатар, егер шенеунік қандай да бір резонанстық істе байқалып қалса, бірақ ол дәл үстінен түсіп ұсталмаса, онда ол мемлекеттік қызметті жалғастыруға құқылы, бірақ бұл қоғамдық резонанс болмайтынына және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтірмейтініне кепілдік бермейді.
Сонымен қатар, отандық заңгерлер атап өткендей, мұндай заңның қабылдануының кері жағы бар, оның көмегімен жоғардағылар мемлекеттік органдарды өз қалауы бойынша тазартып, қолайсыз адамдарды осы сылтаумен жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. Осы мәселе бойынша пікірлерімен бөліскен сарапшылардың да бұл жаңалыққа қатысты өз көзқарастары қалыптасты…
Саясаттанушы, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Қазбек Майгелдиновтың пікірінше, жаңа заңнамалық норма бірінші кезекте материалдық құқық бұзушылықтарға қатысты болуы тиіс. Көрші Ресейдің мысалында мұндай шарттар қаржылық мәселелерге қатысы бар қарапайым жұмысшыларға да қолданылады, мәселен: кассалық, ақша операциялары, сыбайлас жемқорлық, ұрлық, мүліктің бұзылуы және т.б. Алайда басқа сарапшылардың пікірінше, мемлекеттік құқық бұзушылықтарға көбірек көңіл бөлу және тіпті жазаны қатайту көп нәрсені өзгерте қоймайды.
Саясаттанушы Замир Қаражанов түсіндіргендей, саяси мемлекеттік қызметкерлер сенімін жоғалтқан кезде, әрине, жұмыстан шығарылуы мүмкін. Бірақ нюанс мынада: арнайы заң енгізілгенге дейін де президент негіз болса тағайындалған қызметкерлерді қайта алып тастай алатын. Тіпті оны түсіндірудің, арнайы тұжырымдардың да қажет жоқ, өз қалауы болса болды. Дегенмен таңғалатын ештеңе жоқ: адам өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмай, қызметінен айырылады.
Сондай-ақ, қызметінен айырылудың себептері де түрлі болуы мүмкін: мемлекеттік бағдарламалар нормативінің толық немесе жеткіліксіз орындалуы. Мемлекет басшысының жуырда сөйлеген сөзіне қарағанда, инвестициялық жобалардың кең ауқымының аз ғана бөлігі жүзеге асырылған. Заңды сұрақ – не себепті?
Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық шенеуніктерге заң бұзушылық пен жоспарды орындамағаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік қана емес, ең алдымен моральдық жауапкершілік жетіспейді.
Замир Қаражанов baigenews.kz-тегі сұхбатында мынаны еске сала кетті:
Бұл – шешімдерді қабылдаудағы және жүзеге асырудағы жауапкершілік. Орындай алмады ма – кетуі керек. Өз жұмысын былыққа батырды ма – кетуі керек. Және мұны президенттің қатысуынсыз-ақ түсінсе жақсы болар еді. Бұл механизм басқа елдерде жұмыс істейді; «ақсақ үйрек» деген американдық саяси термин осы туралы .
Батыс мемлекеттерде сенім мандатын жоғалтудың тұтас механизмі бар. Бірақ бұл негізінен сайлау процесіне байланысты. Дегенмен парламент ішінде тағы бір механизм бар: егер көпшілік үкіметке сенімсіздік танытса, бұл оның отставкаға кетуіне себеп. Ол кабинеттің премьерлері де, министрлері де қызметтерінен айырылады
Қазақстандық саясаттанушылардың айтуынша жаңа түзетулер мемлекеттік аппараттың жұмысын оңтайландыруға әкелмейді, бұдан бөлек заң жобасының кейбір тармақтарын нақтылаған дұрыс болар еді. Өйткені қазір шенеуніктердің нақты не үшін жауапқа тартылатыны тек жалпы түрде ғана түсіндірілген. Заң қолданысқа енгеннен кейін қызметіне адал емес шенеуніктерді «әшкерелеу» оңай болуы екіталай.
Өкінішке орай, мемлекеттік құрылымдарда қызметкерлер адами қасиеттеріне емес, әріптестерінің беделіне көбірек қарайды. Жағдайды қиындататыны – басқа мамандық иелерінің, мысалы, дәрігерлердің, мұғалімдердің, экологтардың көбіне саяси саладан алшақ болуы, ал олар белгілі бір қызметке келетін болса, өздері білетін салаға айтарлықтай үлес қоса алар еді. Бірақ олардың орнына салалық мәселелермен жай ғана мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесін жинап алған адамдар айналысып отыр.
Олар өздерін қаншалықты кәсіби түрде көрсетті – бұл басқа мәселе, өйткені бұл қызметтерге таңдалатын басқа ешкім жоқ. Сонымен қатар, соңғы жылдары шенеуніктердің саны шамамен 10 мың адамға қысқарды, соған қарамастан олардың жалпы саны әлі де көп,. Дәл сол себепті Қазақстанға мемлекеттік аппараттың әкімшілік реформасы қажет. Мемлекеттік қызметкерлердің көптігін ескерсек, олардың жұмысының сапасы туралы айтудың да керегі жоқ. Бұл шенеуніктерден толықтай тазарту жүргізетін уақыт жетті деген сөз, нәтижесінде өз орындарында ұятқа қалмайтын нағыз іскер мамандарды ғана қалдыруға мүмкіндік береді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…