Categories: Оқиға

Су тасқыны: Оралда 70 үй көшірілді

Оралда су тасып, Маштаков ауылының тұрғындары қиын жағдайға тап болды.

БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, 14 наурыз күні сағат 20:00-де Маштаков ауылына кіреберісте жергілікті маңызы бар топырақты жолды су шайып кетті.

Соның салдарынан Маштаков ауылына қауіп төнді. 70-80 тұрғын өз еркімен туған-туысының үйіне көшті. Қалғандары Деркөл кентіндегі мәдениет үйіне эвакуацияланды. Халықты көшіру үшін «Уралавтотранс» ЖШС автопаркінен бір автобус шығарылды.

Сондай-ақ ТЖ күштерінен 76 адам, 9 техника, жергілікті атқарушы органнан 3 автобус, экскаватор, 3 «КамАЗ», Орал қаласы полиция басқармасынан 6 техника, 15 адам жұмылдырылды.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облысында да су тасқыны қаупі сейілмей тұр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago