Categories: Инсайдер

Серік Бүркітбаев: «Жаңа үкіметке қызығатыным шамалы»

Қазақстанның проблемаларына үкіметтің қазіргі құрамы кінәлі емес. Мемлекет пен экономиканың құрылымын түбегейлі өзгерту қажет, дейді физика-математика ғылымдарының докторы, көлік және коммуникация министрлігінің бұрынғы басшысы Серік Бүркітбаев.

Назарбаев жас түріктерге қатысты қателеспепті

— Серік Минаварұлы, кезінде «Самғау», «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком» сияқты жерлерде маңызды қызметтер атқардың. Қазіргі «Жаңа Қазақстандағы» министрлер кабинетінің бүгінгі жұмысына қандай баға берер едіңіз?

— Оларға қызығатыным шамалы, өйткені біз өзгерістер дәуірі 90-жылдары өмір сүрдік. Нұрсұлтан Назарбаев командасына біздей жас түріктерді жинағанда қателескен жоқ. Біз өзімізді көрсете білдік. Бір күні Назарбаев менен: «Не себепті өзіңнің миллиардер емес екеніңді білесің бе?» — деп сұрады. Мен оған: «Бизнесте жүргенімде нашар жұмыс істеген шығармын», — деп жауап бердім. «Жоқ, — деді ол, — Өйткені сен — қазақсың«. Сол кезде барып оның не себепті бұлай айтып жатқанын ұқтым. «Мысалы, жас түріктерден сен немесе басқа бір қазақ миллиардер болса, бір күні ежелгі ата-бабасының әруағаы түсіне кіріп, былай дейді: «Сен елді басқаруың керек», — деді бірінші президент. Мәселенің бәрі осында жатыр екен. Ишара түсінбей жүрген кезімізде-ақ оның жас түріктерді тазалап, «болашакерлерден» тұратын жаңа команда жасақтау туралы жоспары болған екен.

Ол оларды үйрек балапандары сияқты қолын қайырып тұрғандай етіп тәрбиелеуі керек еді. Әр тұмсық қашан да мойынсұнғыш болуы үшін тамақты өлшеп беруі керек болған. Бізді неге әртүрлі жолмен тазалағанын кейін түсіндік.

Бірақ бүгінде екінші бетбұрыс – өзгерістер дәуірі басталды. Жаңа Қазақстанды құруға кірісті. Бүгінде не болып жатқаны мүлдем түсініксіз. Барлық шенеунікті кінәлауға болмайды. Қазір министрдің ролі жалпы түсініксіз – көлік және коммуникация министрлігі жоқ, инновациялар, қандай да бір даму министрліктері пайда болды… Ол ведомство нені басқарады? 90-жылдардың соңы есімде. Түнде ұйықтамай, ертең қай ұшаққа жанармай құятынымызды анықтап жатушы едік. Жанармай жетпейтін. Ал бүгінде үкімет құрылымы басқаша құрылған. Оны өзгерту керек. Министрге немесе премьер-министрге баға беріп, олардың неліктен сәтті қадам жасады немесе сәтсіздікке ұшырады деп айыптаудың қажеті жоқ. Басты мәселе – мемлекеттік құрылымның бұрмаланғанында. Салалық министр нені басқарады?

Әсіресе, ұлттық компания «Самұрық-Қазына» холдингі меншігінде болғанда. Ол не нәрсеге жауапты? 90-жылдардың аяғында министрліктің атауы үш рет өзгертілді, бөлімдер ауыстырылды. Ешқандай құжат жоқ, бәрі жойылды. Ананы да, мынаны да жекешелендіру деген осыдан шықты. Біз мәселенің түбіне қарауымыз керек. Барлық облыс негізінен дотацияланды. Ұлттық компанияларда да солай болды. Мысалы, ұялы байланыс операторлары негізінен «Қазтелекомға» тиесілі. Болмаса, мысалы, барлық мұнай жобасы «ҚазМұнайГаз» компаниясына тиесілі. Үлесі бар. Бәрін бастан-аяқ төңкерді.

Мемлекеттің басқару құрылымын өзгерту керек, саланың жұмыс істеп, дамуына жауапкершілікті профилдік министрліктерге қайтару керек.

Қарап отырсаңыз, елімізде атауы, не істеп жатқаны түсінікті бірде-бір министрлік жоқ. Менің кәсіби түрде істегенім – көлік инфрақұрылымы министрлігін қалпына келтіру. Бұл темір жол, автокөлік жолы және телекоммуникациядан әлдеқайда кең. Кезінде біз Көлік инфрақұрылымы министрлігін құру туралы ұсыныс айтқан едік. Көлікпен айналысатынның бәрін сонда беру керек. Неліктен барлық мұнайдың 3%-ін немесе 5%-ін өндіретін «ҚазМұнайГаз» көлік инфрақұрылымын иеленіп, құбырға кімді жіберетінін, кімді жібермейтінін өзі шешешуі керек? Газ немесе мұнай, солай ма? Барлық көлік компаниясын, құбырларды, энергетиканы, коммуникацияларды, автомобиль жолдарын, темір жолдарды, су құбырларын – барлығын Көлік инфрақұрылымы министрлігінде құру қажет. Бізде көлік министрлігі, өнеркәсіп министрлігі деген атау жоқ, қайдағы біреуді дамыту дегендер бар.

Жалпы, әкімдіктерде ғажайып болып жатыр — бақыт департаменттері дегендер құрылып жатыр ! Біз ессіздікке жеттік.

Мәннен неге қашып жатыр? Бүгінгі биліктің мұндай жағдайда әлі де бірдеңе жасауға тырысып жатқанын аяп, қастерлеу керек. Олардың қолынан келіп-келмей жатқаны — ендігі басқа мәселе. Бізде Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Бірақ бізде аэроғарыш өнеркәсібі жоқ және ешқашан болмайды! Одан бөлек-бөлек экология, геология, табиғи ресурстар министрліктерін құру керек!

«Маған «ҚазМұнайГаздың» қаржы құжаттарына рұқсат бермеді»

— Сіз «ҚазМұнайГазда» 3 ай ғана жұмыс істедіңіз. Бір басылымға берген сұхбатыңызда ол жақта жұмыс істегеніңізге 3 айға жетпеген уақытта кенеттен «ҚазМұнайГазда» не болып жатқанын түсініп, шошып кеткеніңізді айттыңыз… Сізді не таңғалдырды?

— «Бұл құрылымда бір жылға бір апта жетпейтін уақыт жұмыс істеді. Бәрін түсініп қойып, мұнай саласы туралы ештеңе ұқпайды» деген сынды жиі еститінмін. Бұл сынға қарсымын. Біріншіден, менің MИФИ-да (Мәскеу инженерлік физика институты – ред. ескерт.) қорғаған кандидаттық және докторлық диссертациям негізінен мұнай тақырыбына арналған. Мен бұл мәселемен 80-жылдардан бері айналысып келемін. Одан кейін жұмысқа бөлу бойынша, Гурьевтегі Химия, мұнай және табиғи тұздар институтында жұмыс істедім. Содан соң 1994 жылдан бастап негізінен мұнай тақырыптарына арналған докторлық диссертациямды жаздым. Бұл — бір. Екіншіден, «КИНГ» Қазақ мұнай және газ институтын ұйымдастырып, басқардым, 10 жылға жуық басқардым. Президенттің көмекшісі болып жүріп мұнай өнеркәсібін, соның ішінде басқа да салаларға тікелей жетекшілік еттім. Сондықтан, маған «анау-мынау» деудің қажеті жоқ, «мына бала келіп бәрін түсініп апты» деу де керек емес.

Маған бұл салаға мүлдем араласудың қажеті жоқ еді, өйткені мен оған басыммен кеттім. Маған жетпеген жалғыз нәрсе – «ҚазМұнайГаздың» қаржы құжаттарына рұқсат бермеді. Бәрі!

Мен қаржы директорымен 20 минут сөйлестім, бәрі түсінікті болды. «Не болды? Минус 20 миллиард деген қайдан шықты? Компанияны тонап бітіпті» деген сұрақтар қойдым.

Бұл шығынның 20%-і «Шевроннан», «Қарашығанақтан», «Қазгермұнайдан» және басқа да мемлекетке тиесілі компаниялардан түскендіктен жабылды. Негізі олар Ұлттық қорға тікелей түсуі керек болса да, бұл кірістерді өздеріне алды. Олар ұрлық жасады. Түсінесіз бе?

«Мені түрмеге не үшін отырғызғанын бімлеймін»

— 2008 жылғы 2 қыркүйекте сізге бірден үш шет мемлекеттің пайдасына ірі ұрлық жасады және тыңшылық жасады деген айып тағылды. Сіздің ісіңіз әскери сотта жабық тәртіпте қаралды. Оның үкімі бойынша, айыптаушы тарап әлдеқайда ауыр жаза сұрағанымен, сіз жалпы режимдегі колонияда ұстаумен 6 жылға бас бостандығынан айырылдыңыз. 2012 жылдың соңында сіз шартты түрде мерзімнен бұрын босатылдыңыз. Үкімнің күшін жойып, атыңызды ақтап алғыңыз келе ме?

— Әрине ақтағым келеді! Бірақ маған қылмыстық іс материалдарымен танысуға рұқсат бермеді, ол құпия болды. Құпияларды алуға мүмкіндігім жоқ. Мені түрмеге не үшін отырғызғанын да білмеймін. Әлі күнге дейін қолымда үкім мәтіні жоқ. Адвокат арқылы көшірме алу үшін бірнеше рет өтініш бердім, бірақ оны сол күйі ала алмадым. Олар заң бойынша талап етілсе де, ала алмадым.

Әскери трибунал үш құпия белгісімен өтті. Барлық тағылған айыптың ішінде олар «Қазтелерадио» ұлттық компаниясының мемлекет меншігіне қайтарылуына қатысты эпизод бойынша ғана соттады… Бұл қылмыс екен. Ал негізі бұл үшін маған орден беруі керек еді! Айыптаушы тарап активтерінде жүздеген телемұнарасы, соның ішінде Алматыдағы Көктөбе, мыңдаған жер телімі мен техникасы бар «Қазтелерадионың» қандай да бір себептермен бір тиын тұратынын айтты. Ақылға қонбайды. Егер бұл жарияланса, елдің жартысы күліп, қалған жартысы экзистенциал шоктан өлер еді. Нәтижесінде олар 6 жыл берді, дегенмен тергеу «логикасы» бойынша, 25 жыл беруі керек болыпты…

Енді мемлекеттік құпияны сату және тыңшылық туралы айтайын. Ғалым болған кезімде халықаралық ядролық қарусыздану конкурсында бірінші жүлдені жеңіп алып, ең жақсы «Нұрсат» спутник интернет жүйесін және «Кателко» цифрлық теледидар жүйесін құрастырдым. Дегенмен тергеу мені көрші елдермен үйлеспейтін теледидар сигналын кодтауға арналған шпиондық стандартты орнатты деп есептеді. Үйлесімсіз стандарт біздің ақпарат кеңістігін көршілес мемлекеттердің хабар тарату жүйелерінен қорғауға байланысты таңдалған еді. Бүгінде бұл анық, бірақ мен түрмеге түскен кезде бұл стандарт «үлкен көршілерге» сәйкес келетіндей етіп өзгертілді. Сондықтан қазір біз аса әлсізбіз.

Бәрі мұнымен біткен жоқ. Айыптаулардың бірінде тағы бір «шпиондық» эпизод болды. Халықаралық спутник үшін елдің ұлттық мақтанышы – KazSat-ты «қорлаған екем». Үкімет отырысында осы спутникті сатып алу мәселесі көтерілгенде жанжал шықты. Мен KazSat-1 мерседес бағасына сатып алынған қаңылтыр банка екенін, оның жұмыс істемейтінін айттым. Бірақ мені ешкім тыңдамады. Содан кейін тыңшылық жасады деген айып тағылды. Бірақ кейін түсінгенімдей, қамауда отырғанымда KazSat-1 құлап, бұл менен «мемлекетке опасыздық» жасады деген айыпты алып тастау қажеттігін тудырды.

«Шабдарбаевты көргім келмейді, ал Матаевтар үшін қуаныштымын»

— Сізді түрмеге тоғытқандарға өкпелісіз бе? Ол кезде ҰҚК-ны Амангелді Шабдарбаев басқарған еді.

— Шардарбаевті көрген емеспін. Ар-ождан дегеннен сарқыншақ қалған шығар. Ол бір де бір рет келген жоқ, менімен кездескен емес, маған не болып жатқанын анықтамады да.

— Қазір онымен сөйлескіңіз келе ме?

— Онымен сөйлесетін түк жоқ. Ол маған не керек? Ұялса, өзі ұялсын.

Сейтқазы және Әсет Матаевтар үшін қуаныштымын. Олар үкімді жоя алды. Әділет орнады. Мен де ақ атымды қалпына келтіргім келеді.

— Атыңыз ақталар болса, материалдық және моралдық шығын өтеуін талап етер ме едіңіз?

— Әзірше бұл туралы ойланбадым. Қазір мен үшін бастысы — үкімнің жойылуы. Қазірдің өзінде мені 25 жылға жапқысы келгені анықталып жатыр… Адвокаттарымды, отбасымды қорқытқан… «Мемлекеттік опасыздық» бабы бойынша соттағысы келген, бірақ қылмыс құрамы болмағандықтан оны тоқтатқан.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago