Оңтүстік Кореяда қатты жаңбыр салдарынан тоғыз адам қайтыс болды, тағы жетеуі хабар-ошарсыз кетті деп хабарлайды Interfax.ru.
Үкіметтің мәліметінше, тоғыз адам қайтыс болды — бесеуі Сеулде, үшеуі Кенгидо және біреуі Канвондо провинциясында. Жетеуі хабар-ошарсыз кетті, олардың төртеуі Сеулден және үшеуі Кенгидо провинциясынан. Тағы 17 адам жарақат алды.
Корей метеорологиялық басқармасы дүйсенбіден сәрсенбіге дейін Сеулде барлығы 525 мм жауын-шашын түскенін, ал Янпхен уезінде (Кенгидо провинциясы) осы кезеңде 526,2 мм жауын-шашын түскенін хабарлады.
Барлығы 2676 үй мен ғимарат су астында қалды, олардың көпшілігі Сеулде. Сәрсенбінің басындағы жағдай бойынша Сеул метро желісінің жұмысы қалпына келтірілді. Осы уақытта жаңбырдың салдарынан билік Сеулдегі кейбір автомобиль жолдарының учаскелерін жауып тастады.
Yonhap хабарлағандай, 80 жылда алғаш рет ең күшті нөсер Оңтүстік Корея астанасы мен оған жақын орналасқан аймақтарға жауды. Қатты жауын салдарынан метро жұмысы істен шығып, көліктер су астында қалған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…