Сеулде нөсер салдарынан тоғыз адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяда қатты жаңбыр салдарынан тоғыз адам қайтыс болды, тағы жетеуі хабар-ошарсыз кетті деп хабарлайды Interfax.ru.

Үкіметтің мәліметінше, тоғыз адам қайтыс болды — бесеуі Сеулде, үшеуі Кенгидо және біреуі Канвондо провинциясында. Жетеуі хабар-ошарсыз кетті, олардың төртеуі Сеулден және үшеуі Кенгидо провинциясынан. Тағы 17 адам жарақат алды.

Корей метеорологиялық басқармасы дүйсенбіден сәрсенбіге дейін Сеулде барлығы 525 мм жауын-шашын түскенін, ал Янпхен уезінде (Кенгидо провинциясы) осы кезеңде 526,2 мм жауын-шашын түскенін хабарлады.

Барлығы 2676 үй мен ғимарат су астында қалды, олардың көпшілігі Сеулде. Сәрсенбінің басындағы жағдай бойынша Сеул метро желісінің жұмысы қалпына келтірілді. Осы уақытта жаңбырдың салдарынан билік Сеулдегі кейбір автомобиль жолдарының учаскелерін жауып тастады.

Yonhap хабарлағандай, 80 жылда алғаш рет ең күшті нөсер Оңтүстік Корея астанасы мен оған жақын орналасқан аймақтарға жауды. Қатты жауын салдарынан метро жұмысы істен шығып, көліктер су астында қалған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Утильсбор деген қазақтың соры…

Министр Шарлапаев қазаққа жанашырлық танытар болса, төбемізге көтеріп, арқалап жүрер едік! Кеше министрмен кездесуде дөңгелек…

17 часов ago

Жамбыл облысында жер сілкінді

Зілзала ошағы Алматыдан батысқа қарай 132 шақырым жерде. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі…

22 часа ago

ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Б. Нахановқа,…

23 часа ago

«Кабинетінде қыз зорлаған» Күштібаевтың әйелі үндеу жасады

«Мен, Талдықорған қаласының тұрғыны Түкенова Ләззат Сәдекқызымын, жұбайым Күштібаев Марат Әлімқұлұлы қыз зорлады деген жаламен…

2 дня ago

Прокурорлар бюджет ұрлығының алдын алды

Тексеру барысында Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы лауазымды тұлғаның бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады. Осылайша,…

2 дня ago

Дәретханада жатып алып, әйелдерді сығалаған жігіт сотталды

Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімінде (ұсақ бұзақылық) көзделген құқық…

2 дня ago