Сеул қаласының орталығында пойыз рельстен шығып кетіп, 30 адам зардап шекті. Бұл туралы Yonhap ақпараттық агенттігі хабарлады.
Пойызда 275 жолаушы болған. Ол Солтүстік Чолла провинциясында орналасқан Иксан қаласына бара жатқан. Пойыздың алты вагоны рельстен шығып кеткен, оның бесеуі жолаушылар вагоны болған.
Оқиғаға байланысты осы желі арқылы өтетін пойыздар бір сағатқа тоқтатылған.
Қазіргі уақытта тергеу ісі жүріп жатыр.