Categories: Галерея

«Сезді ме, білмеймін…» Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі туралы естелігімен бөлісті

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне қатысты соңғы естеліктермен бөлісті.

«Алланың әміріне қарсы тұра алмаймын, білем. «Қабылда, әрі қарай ұмтыл», – дейсіздер, түсінем… Бірақ ойылып қалған жүрегімнің бөлшегінің орны ойсырап тұрғанда, қалай әрі қарай ұмтыламын?!

Соңғы жүздесуіміз Ыстамбұлға барар алдын еді. «Ләйлә, балаларды алып, 3-4 күнге болса да барып келіңдер. Мен жұмыстан босамаймын, балалар бір демалып келсін», – деп ерекше еміреніп шығарып салып еді…

Әдетте Қайрекем эмоцияға берілмейтін. Сол күні ұлдарды қайта-қайта сүйіп, жүктеріне дейін көтеріп, қол бұлғап ұзақ тұрды…

Демалыстан елге ұшар алдын да қайта-қайта хабарласып, амандығымызды сұрап, үйде күтетінін айтты…Мына сурет пен видео да сол саяхатқа шығарып салып жатқан сәтінен.

Әдетте адам алдын ала сезеді деуші еді, сезді ме, білмеймін. Сап сау серігімнің жүрегі бір сәтте тоқтады да қалды.

16 жыл, 210 ай, 7305 күн жанымда болғаның үшін, жадымдағы әр сәт үшін саған алғысымды білдіремін. Сен сияқты мені ешкім еркелетіп, сен сияқты мені ешкім түсінген емес. Енді бұл жолы сен туралы жиі айтуыма қарсы болмассың…», – деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасында.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago