Categories: Қоғам

«Қазақстанда сені ешкім күтіп отырған жоқ»: Полина Гагаринаның концерті болмайтын болды

Украинадағы соғысты ашық қолдаған ресейлік әртістер Қазақстанға концерттермен келуді жалғастырып жатыр. Солардың бірі, Z-патриот Полина Гагарина келесі жылы 14 ақпанда Алматыда кең ауқымды концерт беруді жоспарлаған. Әншінің концерті туралы афиша шыққан сәттен бастап қазақстандықтар әлеуметтік желілерде оның келуіне қарсы болып, бойкот жариялауға шақырды.

«Біз Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қауіп төндіретін әрі сыртқы саясаттағы ұстанымына толықтай кереғар келетін идеяларды ашық әрі белсенді түрде насихаттайтын орындаушылардың елімізде «өнер» көрсетуіне түбегейлі қарсымыз.

Полина Гагарина — Ресей билігінің Украинадағы әрекетін ашық түрде қолдайтын, биылғы сәуірде өткен «Қырымның Ресейге қосылуының мерейтойында» ұрандатып өнер көрсеткен орындаушы. Бұл орындаушыға Латвия мен Эстония мемлекеттері еліне келуге тыйым салған.

Ал 14 ақпан күні Алматы Аренада оның концерті өтпек екен. Бұған дейін де Ресейдің Украинадағы әрекетін белсенді түрде қолдайтын Киркоров есімді әншісі Астана мен Алматыда концерт беріп, «аншлаг жасадым» деп асыр салып жүр.

Бұндай орындаушылардың концерті елімізде өте беретіні әрі оған қоғамның бір бөлігі ақшасын аямай баратыны — норма ма?», — деп жазды @kazakbubble Instagram парақшасының авторлары.

Жазбаны оқырмандар бірден стористерінде бөлісіп, қоғамдық резонанс тудырды.

Ал Kazakhstan Business Magazine бас редакторы Владимир Волошин Jam.kz концерт ұйымдастырушыларына жүгінді, олардан осы әртістерді Қазақстанға шақыра отырып, қандай мақсатты көздейтінін білмек болды.

Белгілі ресейлік Z-әртісті Қазақстанға шақырып, сыйымдылығы 12 мың көрерменге арналған Almaty Arena-ны жалға алуда сіздердің мақаттарыңыз не? Біздің елдегі қоғамдық пікір агенттіктеріңіз бен Полина Гагаринаның беделін мәңгілікке байланыстырып қойған соң қандай пайда (әрине, ақшадан басқа) табамыз деп күтесіздер?

деп жазды ол әлеуметтік желілерде.

Көп ұзамай билетті ресми сайттан сатып алу мүмкіндігі жоғалғаны белгілі болды. Сондай-ақ концерт туралы ақпарат та барлық ресурстардан алынды. Алайда желілерде орындаушымен постерлер әлі де кезігіп қалады.

Кейінірек әлеуметтік желілерде ресейлік әншінің өкілдерімен хат алмасудың скриншоты пайда болды. Олар Алматыда концерттің болмайтынын растады. Алайда Полина Гагаринаның аккаунттарында бұған қатысты мәліметтер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қоғам белсенділері арнайы операцияны қолдайтын Филипп Киркоровтың Қазақстанға келуіне қарсы шыққан болатын. Алайда әнші Астанада да, Алматыда да екі мағынада да «концерт» қойып кетті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

1 день ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

7 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago