Сыйлы әйелге жігіттер сыйлықты сұратпай-ақ жасайды.
Бұрын қазақта болмаған арабтың дәстүріне қызықпаған дұрыс. Дегенмен заманауи қоғамда мәһр сұрау сәнге айналып кетті.
Осындай сұрақпен көбінесе ажырасып кеткен келіншектер мамандарға жүгінеді екен. Мысалы Фарида есімді келіншек күйеуінен мәһрге былғары киім (шуба) сұраған екен. Тұрмыс құрғанына 5 ай болмай, ажырасып кетіпті. Мәһрге сұрағанына қолы жетпеген соң, ашуланып үйінен 500 мың теңгені алып кетіпті. Енді істегенім дұрыс па деп сұрақ қойып отыр.
Бұған белгілі журналист Дина Төлепберген жауап берді.
Менің кезімде мәһр сұрау болған жоқ. Өз күйеуімнен оны талап ету әлі де ойымда жоқ. Бірақ, соңғы кезде мәһрдің дау болып жатқаны туралы ақпараттар өте көп. Біріншіден, біреудің үйінен ақша алып кету, ол – ұрлық. Үстіңізден арыз жазылып, іс қозғалса, жазасыз қалмайсыз. Сондықтан қайтарып беріңіз. Күйеуіңіздің сізге деген сый-сыяпатын шын көңілмен алғанға ешнәрсе жетпейді.
деп жауап берді журналист.
Біреу «Chanel» сөмкесінің оригиналын сұратады, оның бағасы 4 миллионнан жоғары. Белгілі блогер қыз жеке ұшақ сұраса, екіншісі 2023 жылғы Гелендваген көлігін талап етті. Оның бағасын сұрамаса да белгілі.
Шындығында, қазақтың қалың малы мен құдалығының өзіне ешнәрсе жетпейді. Үй, телефон, көлік деп күйеуіңнің алдында қадіріңді түсірмеген абзал. Сіз не айтасыз?