«Үш баласы мен әйелін тастап кеткен»: әнші Шахизада төртінші күйеуін көпшілікке көрсетті

Соңғы уақытта отандық шоу-бизнесте өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шығу сәнге айналғандай. Бұл жолы жасы 60-қа тақаған Шахизада санаулы сағат бұрын төртінші күйеуін елге таныстырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Шахизада жеке өміріндегі жағымды жаңалығын өзінің жеке парақшасында жариялап, жас жігітпен көңіл қосқанын растады.

Бізде жағдай осындай. Адамнан жасырғанды, Құдайдан жасыра алмайсың. Көп сөге көрмеңіздер. Махаббат жасқа қарамайды екен,

деп жазды әнші.

Шахизаданың жүрегін жаулаған жігіттің аты-жөні — Ерболат Ержанбаев. Өнерден алшақ емес екен, осы уақытқа дейін әнші ретінде танылған. Ол да Шахизадамен арадағы қарым-қатынасын көпшіліктен жасырмапты.

Біреуден естігенше, өзімнің парақшамнан көргендеріңіз дұрыс шығар,

деп жазды жігіт.

Шахизаданың төртінші күйеуі өзінен 18 жас кіші. Әлгі жігіт бұрын үйленген екен. 60-қа тақаған әнші әйелге ессіз ғашық болғаны соншалық, үш ұлы мен жұбайын тастап кеткен көрінеді.

«Үш ұлдың анасы ше? Сұмдық, мына кісі әйел емес әже ғой», «Үш ұлдың анасы менің алтындай бөлем ғой», «Ұят! Әжесі мен немересі», «18 жас айырмашалық па?», «Шахизада өзінше Еркеге еліктеп жүр»,

деп жазды желідегі жұрт.

Бұған дейін Шахизада үшінші күйеуімен Түркияда үш ай тұрып ажырасып кеткенін айтқан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago