ҰҚШҰ-на мүше Қазақстан Ресейге әскер жіберуге міндетті ме?

Ресейде Владимир Путин «ішінара әскерге жұмылдыру» басталатыны туралы жарлыққа қол қойған соң, елдің бірнеше қаласында халық жаппай ереуілге шыға бастады. Артынша тіпті, кейбір ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары «Қазіргі сәтте Ресейден қай елдерге қашып кетуге болады?» деген тақырыпта мақалалар таратты. Әлгі тізімнің көш басында Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан тұр.

Көрші елдегі жағдай ушыға түскен кезде саясаттанушы сарапшылар мен құқық қорғаушылар түрлі пікір білдірді. Осы орайда, журналист және құқық қорқаушы Сергей Дувановтың әлеуметтік желідегі жазбасы елді елең еткізді.

Ол Ресейде ішінарада мобилизация жариялануы – Қазақстанға да әсер етеді деген пікірде.

«Көбі білмеуі мүмкін, 17 ақпанда Қазақстандық Сенатта ҚР мен РФ әскери ынтымақтастығы туралы шарт ратификацияланған. Ресми нұсқа бойынша осы шартты ратификациялау мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірлік қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен қатерлеріне бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау мүддесінде әскерлерді бірлесіп жоспарлау, қолдану бөлігінде әскери ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстанның ҰҚШҰ шеңберіндегі міндеттемелерінен басқа, егер Ресейге біреу шабуыл жасаса, біз осы Шартқа сәйкес өз әскерлерімізді жіберуге міндеттіміз.

Енді назар аударыңыз! 23-27 қыркүйекте Ресей басып алған аудандарда референдумдар өткізіледі, онда осы аймақтардың тұрғындары пулеметтердің астында бірге «дауыс береді». Енді бір күні бұл украин жерлері Қырымның үлгісімен Ресей құрамына қабылданады. Алайда өз жерін басқыншылардан азат ететін украин әскерлерінің шабуылы жалғасады», – деп жазды Сергей  Дуванов Facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол Қазақстан жоғарыда аталған шарттың талаптарын немесе ҰҚШҰ шеңберіндегі міндеттемелерді орындап, өз сарбаздарын ресейлік басқыншыларға көмекке жіберетініне күмән келтірді. Оның ойынша, бұл сұрақ қазір өте өзекті. Ал Қазақстан билігі дер кезінде толық жауап беруі тиіс.

Қоғам белсендісі Арман Шораев та «Ресейдің алжыған президентінің мобилизация жариялағанына қатысты ойын жеткізді. «Қазіргі жағдайда Қазақстан ең алдымен не істеуі керек?» деген сұрақ төңірегінде ой өрбітті.

Қазақстан бұл жағдайда біз Ресеймен неше түрлі ОДКБ, ЕврАзЭС, Кедендік одақ бәрінен жедел түрде бас тартуымыз керек! Президентіміз жақын арада сондай шешімге қол жеткізуі керек! Бүкіл шекарамызда Ресейдің азаматтары үшін қатаң визалық режим енгізуіміз керек. Ресейде 1 млн 200 мыңға жуық адам СПИД жұқтырған,

деді Арман Шораев.
Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago