Қытайда әділет министріне пара алғаны үшін өлім жазасы тағайындалды

Сотталушы кінәсін мойындап, заңсыз алған ақшасын қайтарған.

Қытай соты ҚХР бұрынғы әділет министрі, қоғамдық қауіпсіздік министрлігі басшысының бұрынғы орынбасары Фу Чжэнхуаны пара алғаны үшін өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Қытай орталық телеарнасы.

22 қыркүйекте Цзилинь провинциясының Чанчун қаласының орта деңгейдегі халық соты экс-министрді сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп таныды. Өлім жазасына кесу екі жыл кейінге қалдырылған.

Фу Чжэнхуа өзінің лауазымын жеке басының пайдасы үшін пайдаланған, жеке адамдарға бизнес жүргізуге көмектесіп, інісінің қылмыстарын жасырған.

Тергеу мәліметтері бойынша, парақор министр 117 миллион юань (шамамен 16,5 миллион доллар) пара алды.

Чжэнхуа 2013-2018 жылдар аралығында қоғамдық қауіпсіздік министрлігі басшысының орынбасары, 2018-2020 жылдары дейін әділет министрі қызметін атқарды.

Сотталушы кінәсін мойындап, заңсыз алған ақшасын қайтарған. Сот екі жылдық кейінге қалдырудан кейін өлім жазасын шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстыру мүмкін екенін атап өтті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

21 час ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago