Categories: Қоғам

ШҚО: 630 млрд теңгеге салынған жол түкке тұрғысыз

630 миллиард теңгеге айға ұшып-қайтуға болады, бірақ облыс орталықтары, Өскемен мен Семей арасында жол сала алмайсың.  Бұл туралы белгілі белсенді, «Әділет жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов жазды.

 «Достар, бұл шалғайдағы ешкім тұрмайтын екі ауылдың арасындағы жол, сол себепті осындай күйде деп ойлайтын шығарсыздар?

Жоқ, бұл екі облыс орталығын: соңғы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының құрамында болған Өскемен мен Семейді байланыстырады.

Республикалық тас жолды мұндай күйге қалай жеткізуге болады?

Дені дұрыс асфальт қайда (апамның маған нанға жаққан майы бұдан да қалың), жол таңбасы қайда, ең болмағанда алдыда оңға күрт бұрылыс бар екенін білдіретін белгі қайда???

Өлсең, өле бер дегені ме?

Облыста бірде-бір автобан жоқ.  Өскеменнен барлық бағыттағы жолдардың жайы осындай.

Соңғы бір айда еліміздің әр өңірінде (Астана, Алматы қалалары, Алматы, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары) көлікпен 10 000 шақырымдай жол жүрдім, бірақ мұндай сұмдықты басқа еш жерден көрген емеспін.

Оның үстіне облыста ақша тұрақты түрде бөлініп отырған: шамамен есептесек 2014 жылдан бері жолдарға 630 миллиард теңгедей бөлінген.

Біз мемлекеттік сатып алу порталын зерттедік (ашық деректерді). Айтқанымдай, тоғыз жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысының жолын салуға, жөндеуге және күтіп ұстауға шамамен 630 286 671 497 теңге бөлінді, бұл орасан зор ақша.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago