Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма суқоймасында суға батқан көліктің жүргізушісі жазаға тартылуы мүмкін айтты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
6 желтоқсан 19:44-те Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында жеңіл көлік суға батып кеткен болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көлікте бес адам болған. Олардың төртеуі көліктен шығып үлгерген, ал 1950 жылы туған әйел адам суға батып кетті.
Осы оқиғаға байланысты «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыс дәлелденсе, жүргізуші үш жылға сотталуы мүмкін.
ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр,
деді полиция.