Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Қытайда өткен The Belt and Road 2023 to World Chess Woman’s Summit турнирінде екінші орын иеленді. Бұл тураля Sports.kz хабарлады.
Бибісара Асаубаева бірінші орын алған Әзербайжан спортшысы Гюнай Мамедзадемен бірдей (8,5) ұпай жинаған. Алайда қосымша көрсеткіш бойынша екінші орынға түскен.
Жексенбіде Қытайдағы турнирде ойнап үлгердім. Ұтылған жоқпын, кемі бір ұпай көбірек алатын мұмкіндігім болды. Өкінішке қарай тай-брейк ойналмайды, үшінші қосымша бойынша екінші орын алдым. Келер жолы ұтқан партияларды көбейте түсу керек,
деп жазды шахматшы әлеуметтік желідегі парақшасына.